АЛМАТЫ: "МӘДЕНИЕТ" МЕШІТІНІҢ КІЛЕМІ АУЫСТЫ
Алатау ауданына қарасты құлшылық үйлерінің бірі "Мәдениет" мешітінің кілемдері ауыстырылды.
"Мәдениет" мешітінің бас имамы Мейірман Саттарқұл мен мешіт ұжымының атсалысуымен Алла үйіне ішкі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көлемі 250 шаршы метр болатын жаңа кілем төселді. Сонымен қоса мінбері мен михрабы да өзгертілді. Аталмыш жаңартуларға жалпы 4.150.000 тг қаржы жұмсалды. Жамағат үшін жайлы жағдай жасауға мұрындық болған барша азаматтарға Алла разы болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі