АЛМАТЫ: ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕ 100 000 ДАНА СУ МЕН ҚҰРМА ТАРАТЫЛАДЫ
Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде "Рамазан жоспары" тақырыбында брифинг өткізді.
Оразаның алғашқы күні жұртшылыққа ораза айының келгенін сүйіншілеу мақсатында «Қош келдің, Рамазан!» айдарымен қала көшелерінде 100 000 (жүз мың) дана су мен құрма таратылады. Бұл шараға имамдар бастаған жастар жамағаты мен блогерлер жұмылдырылмақ. Сонымен қатар «Жақыныңа сыйлық сыйла» және «Жарапазан» эстафеталары ұйымдастырылатын болады.
Алматы орталық мешітінде «Рамазан шатыры» құрылып, күнделікті 500 кісіге ауызашар дастарханы жайылады. Сондай-ақ, қала мешіттерінде де әр күні 10 000-ға жуық адамға ауызашар беріледі. Ауызашар бергісі келетін кісілер мешіттердегі жауапты мамандарға жолығуларына болады. (Байланыс тел.: 8778 382 88 36).
Бұл туралы қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі