АЛМАТЫ: РАМАЗАНДА 47 МЕШІТТЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ТҮСІРІЛЕДІ
Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде "Рамазан жоспары" тақырыбында брифинг өткізді.
Алматы мешіттерінде қасиетті Рамазан айын атап өту үшін арнайы жоспар бекітілді. Ораза айына қаладағы барлық мешіттің дайындығы пысықталды. Биыл қаладағы 52 мешіттің 47-сінде тарауих намазында құран хатым түсіріледі. Қалған 5 мешітте тарауих намазы құран хатымсыз оқылады. "Рамазан - Құран айы". Сол себепті, осы айда қала мешіттерінде құран әліппесі мен намаз үйрету курстары жүргізіледі. Бұл туралы қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі