Алматы қаласы өкілдігі атынан құдық пайдалануға берілді (ФОТО)
Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай, Алматы қаласы өкілдігі атынан Алматы облысы, Іле ауданына қарасты “Ащыбұлақ” елді мекеніне жаңа құдық пайдалануға берілді.
Ашылу салтанатына Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы, Алматы қаласы Жетісу ауданының бас имам Бақытжан Көптілеуов және “Ащыбұлақ” елді-мекенінің тұрғындары қатысты.
30 метр тереңдікте қызылған суы бал танитын бұл қыдық Алматы қаласы мешіттерінің, атап айтқанда Жетісу ауданы мешіттерінің жамағаттары мен жомарт жандардың ұйымдастыруымен қазылып, ел игілігіне берілді.
Ашылу салтанатында ҚМДБ-ның Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқай, ең алдымен, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің сәлемін жеткізіп, дініміздегі құдық қазудың сауабына тоқталып өтті. Сондай-ақ, «30 жылдыққа 30 игі шара» аясында игі іске мұрындық болған азаматтарға алғыс білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі