Бас мүфти Алматыдағы жаңа мешіттің ашылуына қатысты (ФОТО)
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:42

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:34 06:55 11:42 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Жаңалықтар

Бас мүфти Алматыдағы жаңа мешіттің ашылуына қатысты (ФОТО)

Бүгін Алладан сауап үміт еткен жомарт жандардың демеушілігімен Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты «Жас қанат» шағын ауданында «Абдулла» мешіті есігін айқара ашып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ-ның Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағамбет, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы қаласы Дін істері басқарасының басшысы Нұрлан Кикимов, мешіт салуға атсалысқан кәсіпкер азаматтар, мешіт қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.

Мешіт жамағаты ашылу салтанатына келген қонақтарды шашу шашып күтіп алды. Істің басын бисмилламен бастайтын дәстүрімізге сәйкес, мешіттің ашылу рәсімі қаланың бас имамы Еркінбек Шоқайдың Құран оқуымен басталды. Ал Құранның батасын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жасады.

Сосын жаңа мешіттің лентасы қиылып, қонақтар құлшылық үйіне кірді. 

Мешіттің ашылу салтанатына орай, алғашқы құттықтау сөзді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. Бас мүфти өз сөзінде дініміздегі мешіт салудың сауабы мен қоғамның тұрақтылығына тигізер пайдасына тоқталды. Қасиетті Құранның «Расында Алланың мешіттерін Аллаға және ақырет күніне иман келтірген, сондай-ақ намаз оқып, зекет берген және тек Алладан қорқатын (пенде) ғана тұрғызады» деген аятын тілге тиек етіп, мешіт салған елдің азаматтарына үлкен алғыс білдірді. Сөз соңында жаңа мешіт жастарға рухани тәрбие беретін және дәстүрлі дінімізді насихаттайтын имандылықтың ордасына айналсын деп тілек тіледі. «Абдулла» мешітінің бас имамы болып тағайындалған Мырзаев Тыныштықбайды жаңа қызметімен құттықтап, бағалы сыйлық тарту етті.

Ал Алматы қаласы Дін істері басқарасының басшысы Нұрлан Кикимов, ең алдымен қаладағы 52-ші мешіттің ашылуымен қонақтарды құттықтады. Қасиетті жұма күні жамағатқа есігін айқара ашқан «Абдулла» мешіті қаламыздың көркіне көрік қосатын ордалардың біріне айналғанын айтып, өз қуанышын жеткізді.

Сосын қонақтар жаңа мешіттің үш қабаты мен ауласын, дәрісхана мен дәретханасын аралап көріп, естелікке суретке түсті.

Қонақтар мешіттің ашылу салтанатының мерекелік дастарханынан дәм татты. Астың бас-аяғында Құран оқылып, сауабы марқұмдарға бағышталды. Дастархан басында жамағаттың үлкендері өздерінің ақыл-кеңестерін айтты. Өнерпаздар жырдан шашу шашты.

Бас мүфти өзіне берілген шапанды жамағаттың ішіндегі жасы үлкен ақсақалдың иығына жапса, Діни басқарманың Апппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы да өзінің сыйлығын дінімізге ұзақ жыл қызмет еткен Түрксіб ауданының бас имамы Мейірман Саттарқұлға құрметпен ұсынды.

Келелі басқосу соңында Бас мүфти жаңа мешіттің салынуына үлес қосқан азаматтар мен Діни басқарманың қызметкерлеріне сыйлық сыйлап, иықтарына шапан жапты.

Мешіт туралы ақпарат:

Жер көлемі 0500 г. болатын «Абдулла» мешіті 3 қабаттан тұрады: 1-қабат 558 шаршы метр (5 қызметкер бөлмесі); 2-қабат 380 шаршы метр (неке залы, дәрісхана); 0-қабат 550 шаршы метр. Мешіт асханасы бір уақытта 250 адамға дейін қызмет көрсета алады. Мешіт дәретханасын бір мезетте 54 ер азамат, 25 әйел кісі пайдалануына болады. Мешіт ауласындағы балаларға арналған ойын алаңқайы 100 шаршы метрді құрайды. Көлік тұрағы 80 көлікке арналған.

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

ҚМДБ-30: Алматы қаласы мешіттері 796 түп ағаш көшетін отырғызды (ФОТО)
Бүгін, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, «30 жылдық мерейтойға – 30 мың түп ағаш отырғызу» акциясы аясында Алматы қаласы мешіттері 796 түп ағаш көшетін отырғызды.    ...
«Халал Даму» ЖШС: Алматы Орталық мешітінде басқосу өтті (ФОТО)
Бүгін «Халал Даму» ЖШС-ның Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан қала аудандарының жауапты бақылаушыларымен кездесу өткізді.   
Алматы Орталық мешіті «Көшпелі керуен» қайырымдылық шарасын өткізді (ФОТО)
Бүгін, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Алматы Орталық мешіті «Көшпелі керуен» қайырымдылық шарасын өткізді. Шара аясында әлеуметтік аз қамтылған 50 отбасыға азық-түлік себеттері, мектеп сөмкелері және киім-кешек үлестірілді....
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: Алматы Орталық мешітінде 10 балаға планшет табысталды (ФОТО)
Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Алматы Орталық мешіті мен Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы бірігіп жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді....
Алматы: Бас имам жаңа мешіт құрылысымен танысты (ФОТО)
Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай Алматы қаласы Түрксіб аудандық «Жасқанат» шағын ауданында салынып жатқан сәні мен сәулеті жарасқан Алла үйінің құрылысымен танысты....
Алматы: Орталық мешіттің наиб имамы тағайындалды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ержан Базарбекұлы Алматы Орталық мешітінің бірінші наиб имам қызметіне тағайындалды.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:42

Екінтіге дейін 02:42

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi