АЛМАТЫ: ҚАРЖЫЛАЙ 1 000 000 теңге "РАМАЗАН СЫЙЫ" ТАРАТЫЛДЫ
Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен өкілдіктің "Зекет және қайырымдылық" қоры "РАМАЗАН СЫЙЫ" ретінде 1 000 000 теңге қаржылай үлестірді.
Алматы қаласында қасиетті рамазан шарапаты жалғасып жатыр. Кезекті рамазан сыйын қаладағы жас, әрі белсенді 15 имамға және мешіттен көмек сұраған 20 отбасына 30 мың теңге қаржылай "РАМАЗАН СЫЙЫ" табысталды.
Қайырымдылық ісіне демеушілік көмек көрсеткен жандарға Алла мол сауаптан жазсын деп тілейміз!.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі