Алматы: қайырымдылық бағыты бойынша жиын өтті (ФОТО)
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің тапсырмасына сәйкес, Алматы орталық мешітінде қайырымдылық жұмыстары бойынша жиын өтті.
Бұл басқосуға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы қаласы өкілдігінің қайырымдылық бағытына жауапты қызметкері Пірімқұлыв Мадияр және әрбір ауданның осы бағытқа жауапты имамдар қатысты.
Жиында ең алдымен қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай өткен жылы жасалған қайырымдылық жұмыстарына қысқаша тоқталып, аталмыш бағыт бойынша осы жылда да нәтижелі жұмыс атқаруды тапсырды.