Алматы: ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары насихатталды (ФОТО)
Бүгін Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқайдың ұйымдастыруымен эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймаққа көшуді ескере отырып, қала мешіттерінде жамағатпен намаз оқу мәселесіне қатысты аудан имамдарына арналған онлайн жиын өтті.
Онлайн басқосуға Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқай, аудан имамдары және Алматы қалалық орталық мешітінің дін қызметкері қатысты.
Жиын барысында Бас имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2015 жылдан бері қабылданған концептуалды құжаттары жинақталып жарық көрген жаңа кітаппен танысытырып, насихаттады. Сондай-ақ бұл еңбектің маңыздылығына тоқталып, ҚМДБ концептуалды құжаттары кітабы жуық арада аудан мешіттеріне жеткізілетін айтты.
Екі тілде шыққан кітапта «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Иаманың тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызметкерлерінің этикасы», «Жеті рухани қазық» («Қазақстан мұсылмандарының Рухани түғырнамасы», «Діни лауазымдар тізілімі», «ҚМДБ атқаратын қызметтер», «Діни қызметкерлердің лауазымдық міндеттері», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті»), «Зияткер имам тұжырымдамасы» сынды маңызды концептуалды құжаттар енген.