Ақпан айындағы жат ағыммен күрес жұмысының есебі
Алматы қаласында деструктивті діни ағымның ұстанушысы болып табылатын азаматтармен профилактикалық жұмыстар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттердің оңалту жұмыстарымен айланысатын теологтарын және қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының Кеңес беру және оңалту орталығының мамандарын тарта отырып жүргізілуде.
Ағымдағы жылғы ақпан айында теолог және психолог мамандардың қатысуымен деструктивті діни ағым ықпалында жүрген 282 адаммен (208 ер және 74 әйел) онлайн түрде (еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты) профилактикалық сұхбат жүргізілді.
Сұхбат барысында қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары, қазақ қоғамындағы ислам дінінің, соның ішінде Әбу Ханифа мазхабы мен Матруди ақидасының рөлі мен маңызы, деструктивті діни ағымдардың теріс түсініктері мен оның ықпалынан шығу жолдары, зайырлы қоғам түсінігі туралы және т.б. оңалтуға бағытталған ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА 155/18; ЛА 155/13; ЛА 155/6 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатқан 22 азаматпен жеке кездесулер өткізілді. «Дәстүрлі діни ұстаным», «Жат ағымдардың кері әсері», «Абу Ханифа мазхабының ерекшелігі» сынды тақырыптарда 2 топтық кездесу өткізіліп, барлығы 12 азамат қамтылды.
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының
жанындағы "Кеңес беру және оңалту" орталғы