САРЫ АЙМАҚ: Алматы қаласы мешіттерінде жұма намазы оқылмайды
Коронавирус таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының аймақтар бойынша жаңартылған деректері мен эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы қаласы сары аймаққа енді.
Осыған байланысты, Алматы қаласы мешіттерінде 5 наурыз күні жұма намазы уақытша оқылмайды. Оның орнына карантиндік талаптар мен санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып әдеттегідей бесін намазы оқылады.
Құрметті қала тұрғындары! Қадірлі мұсылман бауырлар!
Ел ішінде орын алған осындай сындарлы сәттерге түсіністікпен қарап, жұртымыздың тыныштығы мен амандығы үшін дұғада болуларыңызды сұраймыз.
Алматы қалалық Орталық мешітінің баспасөз қызметі