АЛМАТЫ: "ҚҰРАНҒА ҚҰЛШЫНЫС" АТТЫ РУХАНИ КЕШІ ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Рамазан айы қарсаңында «Қарағайлы» қайырымдылық мекемесінде "Құранға құлшыныс" атты қарилармен кездесу рухани кеші өтті.
Алматы қаласы Бостандық аудандық «Нұрлытау» мешіті және Наурызбай аудандық «Қарағайлы» қайырымдылық мекемесінің ұйымдастыруымен рухани жүздесу кеші өтті. Кеш қонақтары Әуезов аудандық "Ақсай" мешітінің бас имамы Қасымалиев Бахтияр қари және Нұр-Мұбарак университетінің 4 курс студенті, қос жанарынан айырылса да Құран жаттаған Құрманғазыұлы Юсуф қари арнайы шақырылды. Құранға арналған рухани кеште жамағат тарапынан қос қариларға сұрақтар қойылып, тұшымды мол ақпарат пен жауаптар алды. Қарилар өздерінің бастарынан өткен қызықты жағдайларымен бөлісті. Қайырымдылық мекемеге құран жаттаған Қари-Хафиздер жиналып, тағылымы мол рухани жүздесуден естен кетпес әсер алып тарқасты. Кофе брейк ұйымдастырылып, кеш соңында қариларға қазақи дәстүрге сай шапан жауып алғыс білдірілді. Алла қаласа игі шара жалғасын таппақ.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі