АЛМАТЫ: ҚҰРАНМЕН САЯХАТ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты "Таугүл" мешітінің ұстазы Айнұр Жарқынбекқызының ұйымдастыруымен ҚҰРАНМЕН САЯХАТ ЖОБАСЫ аясында Құран хатым батасына арнап дастархан жайылды.
Онлайн Құран курстарына қатысып, әр аймақтан жиналған 300-ге жуық қыз-келіншектер тобы кезекті кездесуде бас қосты. Қонақтар қатарында Марфуға Шапиян, Алматы қаласы әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлмира Ілесбайқызы мен Алатау ауданынан Қалиасқарова Жұлдыз ұстаз қатысты. Жиында Айнұр Жарқынбекқызы Құранның артықшылығы мен маңызы жайлы айтып өтті. Сонымен қатар алдағы келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындық жайында мәлімет берді. Курс қатысушыларымен бірге "Шоқанның әжесі Айғаным” ұлттық-рухани даму клубының тұсауы кесілді. Рухани даму клубының мақсаты мен міндеттері таныстырылды. Құран хатым дұғасы оқылып,ел тыныштығы мен ынтымағы үшін бата жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі