Алматы: Шариғат және пәтуа бөліміне жауапты қызметкерге арналған жиын өтті (ФОТО)
Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқайдың қатысуымен, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің Алматы қаласы бойынша жауапты қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Алқалы басқосуды Алматы Орталық мешітінің бірінші наиб имамы Ержан Есім жүргізіп отырды.
Жиында ең алдымен сөз алған қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай күн тәртібіндегі мәселелер мен тапсырмалардың орындалу барысымен танысты. Сондай-ақ дініміздегі пәтуа берудің маңызы мен жауапкершілігі жайындасөз қозғады. Соның ішінде қазіргі таңдағы отбасы мәселелеріне ерекше тоқталды.
Содан кейін Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша пәтуа ісіне жауапты қызметкер Дабылов Қайрат осы күнге дейінгі атқарылған шаралардың есебін баяндады.
Жиын соңында қала аудандарына жауапты өкілдер өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, ойларын ортаға салды.
Қаланың бас имамы ұсыныс-пікірлер бойынша арнайы тапсырмалар мен осы бағытты дамытуға нұсқаулықтар берді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі