БАС МҮФТИ "БАЛДЫГҮЛ АНА" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ
ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Алматы қаласында "Балдыгүл ана" қайырымдылық мекемесінің ашылу салтанаты өтті.
Алматы Орталық мешітінің жанынан ашылған қыз балаларға арналған қайырымдылық мекемесінде діни сауат ашу курстары, дін мен дәстүр аясындағы имандылық дәрістері мен Құран әліппесі оқытылады. Қазіргі таңда 10 қыз балаларға арналған дәрісхана, ас үй мен жатын бөлмелері қолданысқа дайын. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық мекемесіне демеушілік көрсеткен жандарға алғыс айтып, шәкірттерге білім көкжиегінде сәттілік тілеп батасын берді. Наурызбай ауданында орналасқан қайырымдылық мекемесінің салтанатты ашылу шарасына қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы, ауданның имамдары мен дін қызметкерлері қатысты. Айта кетсек, "Балдыгүл ана" қайырымдылық мекемесінде ҚМДБ бұйрығымен бекітілген білікті, ижазасы бар әйел ұстаздар дәріс беретін болады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі