АЛМАТЫ: ВОЛЕЙБОЛДАН АПТАЛЫҚ ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен қалалық дін қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстану мақсатында спорттық шараларды ұйымдастыруы қолға алынды.
Игі бастаманы алғашқылардың бірі болып Алатау ауданы мешіттерінің дін қызметкерлері "Спорт денсаулық кепілі" деген атпен волейболдан апталық ойынды бастады. Аудандық мешіт қызметкерлерінен құралған бірнеше команда аптасына бір күн өзара бақ сынасады. "Мақсатымыз имамдар мен ұстаздар, мешіт қызметкерлерінің салауаты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануы. Қалалық турнирлер, жамағатпен бірге өткізілетін спорттық іс-шараларда белсенділік таныту болып табылады", - деді ауданның бас имамы Амантай Садиев.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі