АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Алматы қаласында діндар әйелдер арасындағы дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 13-17 маусымда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары әйелдер арасында қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни – ағартушылық жұмысты ұйымдастыру, сонымен қатар халықтық әйел діндарлары арасында діни эстремизімнің таралуын алдын алуға бағыттылған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізілді.
Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Әділбаева Ш.А., Ұзақбаева Л.Е., Үсенова З.Ж., Жұманова Г.Ж., Құрманалиева А.Д. тартылды.
Іс-шаралар РАТТ мүшелерінің қатысуымен Алматы қаласындағы «Сұлтан қорған», «Қалқаман-1», «Әл Әзім», «Орталық мешіт», «Төле би», «Ақсай», «Нұр Мүбарак», «Абдулла» мешіттерінде және т.б. орындарда өткізілді.
Шара аясында қала тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбітшілікте және өзара ынтымақтастықта өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.
Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.
Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі