БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ЖАМАҒАТЫН ҚАДІР ТҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Алматы Орталық мешітіндегі қадір түнінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы жамағатын құттықтады.
Нұрсұлтан қаласынан тікелей эфирге шыққан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы Орталық мешітіне жиналған жамағатты мың айдан да қайырлы болған қадір түнімен құттықтады. "Құрметті Алматылық жамағат, қасиетті қадір кеші мүбарак болсын! Алла Тағала ұстаған оразаларыңызды, ғибадат-құлшылықтарыңызды қабыл еткей! Кімде-кім қадір түні иманмен Алладан үміт етіп құлшылық етсе, оның өткен күнәлары кешіріледі дейді. Алла Тағала баршамыздың қате-кемшілігімізді кешіріп, дұға-тілектерімізді қабыл еткей!, - деген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұртшылыққа қадір түнінің маңызын дәріптеді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі