ҚАДІР ТҮНІНДЕ 2000 АДАМҒА АУЫЗАШАР 4500 АДАМҒА СӘРЕСІ БЕРІЛДІ
Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен қадір кешінде 2000 адамға ауызашар, 4500 адамға сәресі бокстары таратылды.
Қадір кешін Орталық мешітте өткізуді ұйғарған жамағат үшін жайлы жағдай жасалынды. Ауыз ашып, ақшам намазын оқыған 2000-нан аса жамағат ауызашар дастарханынан дәм татып, қадір кешіндегі бағдарлама бойынша белсене атсалысты. Тарауих намазын оқып, уағыз тыңдап, ғибадат-құлшылықтарын жасаған 4500 адамға сәресі бокстары таратылды. Жамағат мешіт қызметкерлеріне алғысын айтып, таң намазын бірге оқыды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі