"БІР КӘСІПТІ МЕҢГЕР" ТҮЛЕКТЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен өкілдікке қарасты ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры және “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен “Бір кәсіпті меңгер” тігін курсының үшінші және төртінші түлектері курсты аяқтады .
Алматы Орталық мешіті жанынан ашылған тігін курсының шәкірттеріне сертификат табыстау рәсіміне қаланы бас имамы Төлеби Оспан қатысты. Саусақ біріктіріп, ине іліктірген курсқа қатысушы қыз-келіншектерге кәсіп меңгеру турасында уағыз-насихат айтып, курс тәмамдағаны жайлы сертификат табыстады.
Сондай-ақ “Зекет және қайырымдылық” қоры атынан шәкірттерге азық-түлік себеттері үлестірілді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі