"НҰРЛЫТАУ" МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Бостандық ауданы “Нұрлытау” мешітінде "КӨРКЕМ МІНЕЗ ИЕСІ - ӘЗ-МҰХАММЕД ﷺ" МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ.
“Нұрлытау” мешітінің бас имамы Пернебекұлы Темірбек мәуліт айымен құттықтап, алғысөзін арнады. Рухани кеште Әуезов аудандық “Ақсай” мешітінің бас имамы Қасымалиев Бахтияр қари Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) махаббат турасында уағыз-насихат айтты. Мешіт жамағатымен бірге мәуліт жыры оқылды. “Байкен” мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұрболат Дүйсебаев мәуліт дұғасын оқып, бата жасалынды. Рухани кеште Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлық берілді. Сондай-ақ мәуліт кешінде "Пайғамбарға сағыныш" атты бейне жазба көрсетіліп, жамағат тебірене қабыл алды. Пернебекұлы Темірбек кеш соңында мешіт қызметкері Абдолла Жанабілге 50 000 теңге мәуліт сыйын табыстады.
Мешіт ақсақылы батасын беріп, ризашылығын білдірді.
Рухани кеште арнайы дастархан жайылып, дәм барысында әсерлі уағыздар айтылды. Жиналған жамағат өз ризашылығын білдіріп, осындай игі шаралар жалғасын тапса деп тілек айтты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі