ЕКІ БАЛАНЫҢ ЕМІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен өкілдікке қарасты “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шарасында ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының Алматы қаласы өкілі Пернебекұлы Темірбек Айнұр Ташменованың ұлы Асқарұлы Олжас және Саягүл Сағындықованың ұлы Талғатұлы Мирастың еміне әрқайсысына 250 000 мың теңгеден қаржылай сертификаттарын табыстады. Балалардың дерттеріне шипа тілеп, дұға жасалды. Көмекке мұқтаж аналар дін қызметкерлері мен демеушілік көрсеткен жандарға зор алғысын білдірді.
Қайырымдылық іске атсалысқан барша жандарға Алла разы болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі