Дубай мектептері Рамазанға дайындалуда
Дубайда Адамзат дамуы және білім мәселелері жөніндегі басқарма (KHDA) Рамазан айында әмірліктегі мектептерге жаңа кесте енгізді.
Басқарма өкілі Мұхаммед Дарвиш Рамазан айында сабақ кестесі 8:00-ден 8-30-ға аралығында басталып, 13:00 және 13:30 аралығында аяқталатынын хабарлады. Осы уақытта мектепте сабақ аралығында ең қысқа үзілістер қойылады. Бір күндегі оқу сағаты оқушылар үшін 5 сағаттан аспауы тиіс.
Ал ораза ұстаған оқушылар дене шынықтыру сабағынан және басқа да физикалық белсенділікті қажет ететін пәндерден босатылады. «Барлық оқушылар әлсіреу қаупінен қорғалуы қажет» дейді М.Дарвиш.