ЕКІ БАЛАНЫҢ ЕМІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының жаңа басшысы Мақсатбек Қайырғалиев Алматы қаласына ресми іс-сапарымен келді.
Мақсатбек Қайырғалиев Алматы өкілдігіне қарасты "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасына қатысты. Игі шара аясында Жаңабай Руслан және Жаңабай Айарудың еміне 400.000 теңге қаржылай сертификатын табыстады.
Қайырымдылық іске атсалысқан барша жанға Алла разы болсын!