НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАС РЕДАКТОРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)
Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Үш қоңыр» газетінің бас редакторы Болат Батырмен кездесті.
Бас мүфти бас редактормен кездесуде қоғамдағы баспасөздің рөлі мен маңызына тоқталды. «Ағартушылық-насихаттық жұмыстарды жүргізуде баспасөздің орны ерекше. Кезінде Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ» газетін ашып, халықтың сауатын көтеруде үлкен жұмыстар атқарғанын жақсы білесіз. Діни басқарма діни саладағы жұмыстарды насихаттау, халықты толғандырған сұрақтарға жауап беру бағыты бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесе қызмет етуге әрқашан дайын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Басқосу соңында тараптар ақпарат саласында әріптестік байланыс ортануға келісті.