МӘУЛІТ АЙЫ ҚҰРМЕТІНЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚЫЛДЫ
Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты "Таугүл" мешітінде әйел-қыздар секторының үйымдастыруымен мәуліт айы мен қарияларға құрмет ретінде дастархан жайылып, Құран хатым оқылды.
Дастархан басында қарттардың дініміз бен қоғамдағы рөлі жайлы уағыз айтылып, Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтудың артықшылығы жайлы баяндалды. Құран хатым түсірген ақ жаулықты әжелер қауымы жастарға өмір тәжірибесінен насихат айтып, халқымыздың тыныштығы мен амандығы үшін бата жасады. Игі шара соңында әйел ұстаздар әжелерге арнайы гүл шоғын сыйлады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі