ИХСАН ІЛІМІНЕН ИМАМДАРҒА СЫНАҚ БАСТАЛДЫ
Бүгін Алматы Орталық мешітінде қаланың 8 ауданға қарасты мешіт имамдары арасында "ИХСАН РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ" кітабы бойынша сынақ басталды.
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлының қатысуымен дін қызметкерлері Ихсан ілімінен сынақ тапсырды. Сынақта арнайы билеттегі сұрақтарға ауызша, жазбаша жауап беру арқылы имамдар өз білімдерін көрсетті. "Мұндай сынақтар өткізіп, білім деңгейін тексеру "Мүфтият" баспасынан шыққан кітаптарды насихаттау барысында алдымен имамдардың ағартушылық ілімін арттыру", - дейді қаланың бас имамы Төлеби Оспан. Айта кетсек, "Ихсан рухани тәрбие негізі" бойынша имамдардың сынақ тапсыруы екі күнге жалғасады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі