"Кеңес беру және оңалту орталығының" келелі кездесу есебі
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылдың шілде айында теолог және психолог мамандардың қатысуымен деструктивті діни ағым ықпалында жүрген 54 адаммен (36 ер және18 әйел) кездесу онлайн түрде (еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты) жүргізілді.
Ал тамыз айында 72 адаммен (43 ер және 29 әйел) кездесу онлайн түрде (еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты) жүргізілді.
Сұхбат барысында қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары, қазақ қоғамындағы ислам дінінің, соның ішінде Әбу Ханифа мазхабы мен Матруди ақидасының рөлі мен маңызы, деструктивті діни ағымдардың теріс түсініктері мен оның ықпалынан шығу жолдары, зайырлы қоғам түсінігі туралы және т.б. оңалтуға бағытталған ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, шілде айында ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/18; ЛА-155/13; ЛА-155/6 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан 43 азаматпен 12 жеке және 3 топтық кездесу өткізілді. Ал тамыз айында ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/18; ЛА-155/13; ЛА-155/6 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан 96 азаматпен 16 жеке және 3 топтық кездесу өткізілді.
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының
жанындағы "Кеңес беру және оңалту" орталығы