МӘУЛІТ-2022: БИЛЕТТЕН ТҮСКЕН ҚАРАЖАТ МҰҚТАЖДАРҒА ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін Алматы қаласы Республика сарайында «Мейірімді Мұхаммед ﷺ» рухани мәуліт кеші өтті. Рухани кештің ұйымдастырушысы – ҚМДБ Алматы қалалық Орталық мешіті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мәуліт мерекесіне қатысып, билеттен түскен қаражат сертификатын көмекке мұқтаж отбасыларға, науқас жандарға табыстады. «Сіздер Мәуліт кешіне келіп, рухани азық алумен қатар қайырымдылық жасап отырсыздар. Билеттен түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалды. Алла Тағала бұл жақсылықтарыңыздың қарымын өздеріңізге еселеп нәсіп еткей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Биылғы рухани Мәуліт кешінің ерекшелігі көрермен сұрауы бойынша бір күнде екі рет қойылым көрсетілді. Таңғы және түскі қойылым барысында Республика сарайы көрерменге лық толды.
150 000 теңге көлеміндегі Мәуліт сыйы қаражаты 12 мұқтаж жандарға табысталды.
- Дүйсенов Рашид Минахметұлы – 15 жылдан бері мешітте тазалықшы болып қызмет етіп келеді. Алла сауаптан жазсын!
- Бектаева Индира Қанатқызы - қаржылай көмекке зәру, мұқтаж жан
- Сағындықова Назира Бақытжанқызы – көп балалы ана.
- Жолтаева Гаухар Ердешқызы - қаржылай көмекке зәру, мұқтаж жан
- Кененбаева Рашида – көп балалы ана.
- Изатова Назира Айтбекқызы - Алматы Орталық мешітінің тазалықшысы
- Бағлаев Бахытхан – ұзақ жылдардан бері мешітте тазалықшы болып қызмет атқарып келе жатқан қария.
- Сейткенова Раушан – көп балалы ана.
- Тұрсын Нұрдаш – көп балалы жалғыз басты ана.
- Көзкиева Айгүл – жалғыз басты ана
- Қайқыбаев Руслан - қаржылай көмекке зәру, мұқтаж жан
- Қаратаева Сәуле – жалғыз басты ана.
Ал Өсербаев Шынболат Сәбитұлына 500 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді. Шынболат Сәбитұлы 3 топ мүгедек, өрттің астында қалып бетін күйік шалған. Медресе оқыған, білімді азамат. Болашақта дін саласында қызмет еткісі келеді. Бүгінгі қаржы оның ота жасатуына жұмсалатын болады. Алла жеңілдік берсін.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі