"ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА" ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасына қатысты.
ҚМДБ Алматы өкілдігіне қарасты "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы тұрақты жүргізіліп келеді. Кезекті игі шара аясында дцп дертімен ауыратын Есетұлы Жеңіс және Есетқызы Аянаның емдеріне 400 000 теңге қаржылай көмек берілді. Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан екі баланың анасына қайырымдылық сертификатын табыстап, бүлдіршіндердің дерттеріне шипа тіледі.
Қайырымдылық іске атсалысқан барша жанға Алла разы болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі