ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ 250 АДАМҒА "РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ" ТАРАТЫЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен қала мешіттерінде рамазан айындағы қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп жатыр.
Күні кеше Алматы Орталық мешітінде өкілдіктің "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен көмекке мұқтаж 250 отбасына азық-түліктер салынған "Рамазан қоржыны" үлестірілді. Қасиетті айдың сауабынан құр қалмай рамазанның соңғы күндерінде де сауапты амалға жұмылған барша азаматтарға Алла разы болғай! Алла баршаңыздың дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі