ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ
Алматы Орталық мешітінде жұма намазынан соң пәтуа сағаты өтті.
Алматы өкілдігі бойынша пәтуа бөліміне жауапты маман Елбек Тасболатұлы Орталық мешітінің жамағатына Құрбан айтқа қатысты сауалдарына жауап берді. Жамағат тарапынан Құрбандық шалу кімге міндет? Нисап мөлшері қанша? Марқұмның атынан құрбан шалуға бола ма? Сапарда жүрген адам құрбандық шалуға бола ма? Арапа күніне қатысты сауалдар мен тағы басқа сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі