НАИБ МҮФТИ ПРОРЕКТОРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚМДБ Төрағасының орынбасары Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам университетінің проректоры Қайрат Құрманбаевпен кездесті.
Кездесуде Қайрат Құрманбаев Нұр-Мүбарак университетінің жаңа құрылысы жайында сөз қозғады. Жалпы орта азия бойынша сәулеті ерекше университет құрылысы аяқталған соң халықаралық деңгейде жұмыс жасап, Малайзия, Индонезия елдерінен студенттер қабылдау жоспарлануда екенін жеткізді. Қазіргі таңда 1700 студент оқитын университет базасына жаңа пәндер енгізіп, еуропалық деңгейде білім беру қарастырылуда екенін айтты. Жаңа ғимарат құрылыс аумағы 28 600 кв.м қамтиды. Наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы сәттілік тілеп батасын берді. Өз кезегінде проректор Қайрат Құрманбаев Құрбан айт мерекесімен құттықтап, айттық сыйлық ұсынды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі