"ОТБАСЫМ - БАҚЫТ МЕКЕНІМ" РУХАНИ СЕМИНАР ӨТТІ
Алатау ауданы "Мырзахмет" мешітінің ұйымдастыруымен әйел-қыздар секторы "Отбасым - бақыт мекенім" атты рухани-отбасылық семинар өткізді.
Семинарға ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер қатысты. "Мырзахмет" мешітінің бас имамы Ахметов Мәди алғысөз сөйлеп, сәттілік тіледі. Жанұядағы жақсы жағдайлар, сыйластықта болу, сабыр ете білген жанға өмірде де, жанұяда да тыныштық нұрын шашатыны жайлы насихат айтылды. Алматы қаласы бойынша әйел-қыздар секторының меңгерушісі Гүлмира Ілесбайқызы "Отбасындағы ынтымақ" тақырыбында сөз қозғаса, "Мырзахмет" мешітінің ұстазы Маржан ұстаз "Отбасы құндылықтары, ерлі-зайыптылардың міндеттері мен құқықтары" тақырыбында құран мен хадистен мысал келтіре отырып әсерлі уағыз айтты. Ұстаздар жеткізген өнегелі сөз тыңдаушының әрқайсысына әсер ете алды деген ойдамыз. Сонымен қатар "Адам және қоғам" қоғамдық бірлестігінің психологы Аманкелді Бақыт "Әйелдердің ұлттық-интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру" жайында кеңінен тоөталып, семинар қатысушыларына тың ойлар айтылды.
.
Мағыналы ой, керемет сұхбат, ақыл-кеңес айтылған бұл кездесу қорытындылап, бас имамның елге тыныштық, әр отбасыңа бақыт тілеген дұға-тілектерімен аяқталды. Алла әр-отбасыға мейірім мен тыныштық, жақсылық бересін! Әумин!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі