ҚАДІР ТҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 100 ОТБАСЫНА ЗЕКЕТ БЕРІЛДІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Рамазан айында мұқтаж отбасыларына қала мешіттерінде қайырымдылық шаралары жүйелі түрде өткізіліп жатыр.
ҚМДБ Алматы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық" қоры мен Әуезов ауданына қарасты "Ақсай" мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне орай Қадыр түнінің қарсаңында көмекке мұқтаж жетім жесірлерге, көпбалалы отбасыларға жалпы саны 100 отбасыға 1 500 000 теңге көлемінде зекет таратылды. Сауапты іске атсалысқан азаматтардың тілектері қабыл болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі