"ЖОМАРТ ЖҰМА" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен қала мешіттерінде "Жомарт жұма" қайырымдылық шарасы өткізілуде.
Жылдық жоспарға сәйкес Алатау ауданы мешіттерінде "Жомарт жұма" қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Алатау аудандық мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мұқтаж жандарға қасиетті жұма күні азық түлік, ет және түрлі қажеттіліктер салынған қораптар үлестірілді. Сауапты іске мұрындық болған барша азаматтарға Алла разы болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі