ЖАРАПАЗАН ЖЫРЫМЕН 100 "РАМАЗАН СЫЙЫ" ТАРАТЫЛДЫ
Алматы қаласы Түрксіб ауданы "Фирали" мешітінің ұйымдастыруымен жарапазан жыры айтылып, 100 "Рамазан сыйы" таратылды.
Алматы Орталық мешітінен бастау алған жарапазан эстафедасы Әуезов, Наурызбай, Алатау аудандарынан соң Түрксіб ауданында жалғасты. Қазақ халқының қос қанатына айналған діні мен дәстүр биылғы Рамазан айында Жарамазан айтуды жаңғыртты. Күні кеше Алматы темір жол вокзалында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Алатау ауданынан эстафеда алған Түрксіб ауданының дін қызметкерлері мекеме жұмысшылары мен біршама жүргінші жолаушыларды таң қалдырып, асқан қуанышқа бөледі. Қолдарына жүз "Рамазан сыйын" ұстаған дін мамандары домбыраның қоңыр үнімен жарапазан жырын айтып қоршаған жұрттың қошеметі мен алғысына бөленді. Дәстүр бойынша «Жарапазан» эстафетасын Медеу ауданының дін қызметкерлеріне жолдады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі