"БЕКЕТ АТА" МЕШІТІНДЕ "РАМАЗАН СЫЙЫ" БЕРІЛДІ
Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты "Бекет ата" мешітінде Қадір түні қарсаңында қайырымдылық шарасы өтті.
Алатау ауданының бас имамы Амантай Садиев пен "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен аудан мешіттеріндегі 11 көмекке мұқтаж отбасыларына қаржылай 280 мың теңге көлемінде зекет берілді. "Бекет ата" мешітіндегі "Рамазан сыйы" қайырымдылық шарасына атсалысқан азаматтарға алғыс айтылды. Қасиетті айдағы сауапты амалдарына Алла разы болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі