"ҚАЙЫРЫМДЫ ЖҰМА" АЯСЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Алатау аудандық "Бекет ата" мешітінде "Қайырымды жұма" аясында студенттермен кездесу өтті.
Ауданның бас имамы Амантай Садиев "Нұр-Мүбарак" университетінің студенттерімен кездесті. 20 студентке арнап жұма қарсаңында дастархан әзірленді. Кездесу барысында білім алумен қатар тәрбиелік қасиетті де дамытудың маңыздылығы жайында әңгіме өрбіді..
Іс-шараны ұйымдастырушы Алатау ауданы бойынша "Зекет және Қайырымдылық" қорына жауапты Елдос Арғынбай алдағы уақытта түрлі жобалар жалғасын табатынын айтты.