"ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ" ЖОБАСЫМЕН 544 БАСПАНА БЕРІЛДІ
Қасиетті Рамазан айында мұқтаж отбасына пәтер алып беру бойынша қаражат жинау қайырымдылық шарасы жүргізілген болатын. Алматы облысы, Іле ауданына қарасты "Төле би" ауылындағы 5 бөлмелі тұрғын үй "Ел үлесі пәтерге" жобасы аясында көпбалалы анаға бұйырды.
4 баланың анасы Самал апайдың жолдасы 2-топ мүгедек жан. Ауыр жұмысқа жарамсыз отағасы мен төрт бала тауқыметін жалғыз арқалаған Самал апайдың отбасына 5 бөлмелі тұрғын үй кілтін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы табыстады. Бас имам бүлдіршіндерге айттық тәтілер үлестіріп, жаңа қонысқа құтты болсын сыйы ретінде 100 000 теңгенің сертификатын табыстады. Баспаналы болған балалар қуанышқа бөленді. Қайырымдылық сауапты іске атсалысқан барша жандарға және арнайы Балқия Балтабай ханымға ерекше алғыс айтылды. Жақсылық жасап жарысқан жандарға Алла сауаптан жазсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі