ҚМДБ ПӘТУАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Түрксіб аудандық мешіттерінде ҚМДБ пәтуалар жинағын түсіндіру семинары өтті.
Алматы қаласы бойынша пәтуаға жауапты бас маман Елбек Тасболатұлы «Фирали Ферғанұлы» мешітінің бас имамы Ержан Үсенханұлы бастаған Түрксіб ауданына қарасты сегіз мешіттің имамдарына жаңа пәтуаларды таныстырды. Семинарда көкейкесті кейбір пәтуаларға жеке-жеке түсініктеме берілді. Қазіргі таңда көптеген отбасыларында орын алған ажырасулардың салдарына жататын «Үш талақ мәселесі», «Екінші әйел алатын кісіге қойылатын талаптар», «Сот арқылы ажырасса талақ болып есептеледі ме?» деген пәтуалар қатары талқылана келе, «Мешіт құрылысына қатысты үкімдер» де тыс қалмады. Сонымен қатар Елбек Тасболатұлы халықтың өзекті тақырыптағы көптеп қойылатын сұрақтарына имамдар тарапынан ҚМДБ пәтуасымен жауап берілуін қадағалау қатаң түрде тапсырылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі