ҚҰРБАН АЙТ - 2022: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ АЙТТЫҚ БАС ҚОСУ ӨТКІЗДІ
Алматы қаласы өкілдігіне қарасты әйел-қыздар секторы Құрбан айт құрметіне орай рухани бас қосу өткізді.
Әйел-қыздар секторының меңгерушісі, Орталық мешіттің ұстазы Гүлмира Ілесбайқызының ұйымдастыруымен қала мешіттеріндегі әйел жамағаты бас қосты. Рухани кездесуде 100-ге жуық әйел жамағаты Құрбан айтқа орай Құран хатым түсіріп, дұғасы жасалды. Иләхи әндер орындалып, сахналық көріністер қойылды. Көңілді кеш шырайын сұрақ-жауап айдары мен ойындар арқылы қыздыра түскен жүлдегер қыздар қауымына бағалы сыйлықтар табысталды. Әуезов аудандық "Таугүл-3" мешітінің ұстаздары ғибратты әңгімелер мен әсерлі оқиғалардан сыр шертті. Құрбан айтпен құттықтап, ел амандығы мен тыныштығы үшін бата жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі