ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ "ӨНЕРЛІ БАЛА СҮЙКІМДІ" АТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ
Алматы қаласы бойынша Әйел- қыздар секторының ұйымдастыруымен Түрксіб ауданы "Абдулла" мешітінде 1 маусым Балалар күніне орай " Өнерлі бала сүйкімді" атты мерекелік іс-шара өткізді.
"Абдулла "мешітінің бас имамы Тыныштық Мырзаев балаларды мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Діндегі бала тәрбиесіне ерекше тоқталып, жастайынан дұрыс тәлім-тәрбие алуына дініміз ерекше мән беретінін атап өтті. Себебі, бүгінгі жас елдің ертеңгі болашағы, үкілеген үміті. Балаларды жасатайынан отанды сүю, үлттық-рухты сіңіру, имандылыққа тәрбиелеу өте маңызды екенін айтты.
Балалар Құран аяттарын оқып, Алланың 99 көркем есімдерін жатқа оқыды. Өнерлі балалар домбыраның қоңыр үнімен күй тартты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі