ТҮРКСІБ АУДАНЫНДА АЛЛА ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Алматы қаласы Түрксіб ауданында жаңа мешіттің құрылысы басталды.
Бүгінгі таңда Түрксіб ауданында құлшылық үйлерінің құрылысы жүріп жатыр. Бірі бұрынғы бір қабатты "Әлмерек" мешітінің сәулеті жаңа нақышпен қарқынды түрде қайтадан бой көтеріп жатса, екіншісі "Маяк" шағын ауданынан орын алған сыйымдылығы 500 адамдық су жаңа мешіт. Бүгін осы нысандардың жай-жапсарымен танысып, құрылысшыларының ахуалын білу үшін ауданның бас имамы Ержан Үсенханұлы мешіт құрылыстарын аралап, нысандардың ішкі-сыртқы жұмыстарын бағамдады. Құрылысты жыл соңында аяқтауды жоспарлап отырған жауапты мамандармен тілдесті.
Қандай да бір иісі мұсылман елінің босағасынан аттағанда, ол елдің Жаратқан Аллаға деген құрметін мешіттерінен байқауға болады. Аллаға шүкір, қазіргі таңда еліміз бойынша ресми тіркелген 2716 мешіт бар. Құдай қаласа әлі де талай күмбездер күнмен шағылысатын болады деген үміттеміз. Жәннатпен сүйіншіленген бұл сауапты істің басында жүрген азаматтарға Алладан разылық тілеп, еліміз азан үнімен көркейе беруіне дұға жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
.