Жетісай ауданының бас имамы – Алматы орталық мешітіне наиб имам болып тағайындалды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен Сыздықов Бекзат Оқапұлы, Түркістан облысы Жетісай ауданының бас имамы қызметінен босатылып, Алматы қалалық орталық мешітіне наиб имам болып тағайындалды.
Жаңа имамды мешіт ұжымына Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай таныстырып, қызметіне табыс тіледі.
Алматы қалалық орталық мешітіне наиб имам болып тағайындалған Сыздықов Бекзат Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына алғыс білдіріп, сенімін ақтауға барын салатынын жеткізді.
Сондай-ақ, Бас мүфтидің бұйрығымен Жорабай Дулатбаев Алматы қалалық орталық мешітінің наиб имам қызметінен босатылып, Түркістан облысы, Жетісай аудандық "Нұғман" мешітіне бас имам болып тағайындалды.
Сыздықов Бекзат Оқапұлы
14.12.1978 жылы Түркістан облысы, Мақатарал ауданы, «Ынтымақ» елді мекенінде дүниеге келген.
Білімі:
1995 жылы Түркістан облысы, Мақатарал ауданы, «Ынтымақ» елді мекеніндегі Т.Рысқұлов атындағы орта мектепті тәмамдады.
1998 жылы Алматы қаласындағы Ислам институтын бітірген.
2010 жылы Түркия Республикасы Бурса қаласында имамдардың білімін жетілдіру курсында оқыған.
2018 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін тарих мамандығы бойынша бітірген.
2019 жылдан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Дін және теология» мамандығы бойынша білімін жалғастыруда.
Еңбек жолы:
1998-2006 жылдары Түркістан облысы, Шардара аудандық мешітінің бас имамы;
2006-2015 жылдары Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы «Өткелбай» мешітінің бас имамы;
2015-2018 жылдары Түркістан облысы, Мақатарал аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы;
2018-2020 жылдың 23-қазанына дейін Түркістан облысы, Жетісай ауданы «Нұғман» мешітінің бас имамы қызметін атқарды.
Жетістіктері:
2005 жылы «ҚР Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалінің иегері;
2017 жылы Түркістан облысының әкімі болған Жансейіт Түймебаев «Құрмет» грамотасын табыстады.
Отбасылық жағдайы:
Отбасылы, 2 ұл, 3 қызы бар.