ЗҰЛМАТ ЗАМАН ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Түрксіб аудандық "Фирали Ферғанұлы" мешітінің жамағаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды.
Кеше Түрксіб ауданының бас имамы Ержан Үсенханұлы мен Алматы Орталық мешітінің ұстазы, РАНТ мүшесі Қуаныш Тоқсанбайұлы "Фирали Ферғанұлы" мешіт жамағатына қасіретті күн құрбандарын еске алып, әсерлі уағыз бен насихат айтты. Бас имам және мешіт ақсақалдарымен бірге 1937-1950 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Алматы қаласы, Қарасу ауданындағы монумент-ескерткіш басына барып, Құран бағыштап, құрбан болған жандардың жанына Алладан мейірім, пайғамбардан шапағат тіледі. Қабырғаны қайыстырған тарихтағы қайғылы күндер қайталанбасын деп дұға етті.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі