#11 Үлкенді сыйлау әдебі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:43
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

#11 Үлкенді сыйлау әдебі

| A | +

Үлкенді сыйлау әдебі

Өзіңізден жасы үлкен кісілерді құрметтеңіз әрі оларды қадірлей біліңіз. Олармен бірге болғанда, оң жақтарында және бір-екі қадам артта жүріңіз. Үйге кірерде не шығарда оларға жол беріңіз. Кездескенде сәлем беріп, ілтипат көрсетіңіз. Сөзді бірінші үлкенге беріңіз, оны құрметпен тыңдап, сыйлаңыз. Егер бір мәселе бойынша пікіріңізді білдірмек болсаңыз, ойыңызды әдеппен, байсалды түрде жеткізіңіз. Сөйлескенде дауысыңызды көтермеңіз. Үлкен адаммен сөйлессеңіз немесе оны шақырсаңыз, әдептілік сақтаңыз.

Енді аталмыш әдепке шақыратын кейбір хадистер мен деректерге тоқталайық.

«Ағалы-інілі екі адам бастарынан кешкен бір оқиғаны айтпақ болып, Алла елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) келеді. Екеуінің бірі үлкен болатын. Бірінші інісі сөйлемек болғанда, Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Бірінші үлкенге сөз бер», – деп екі рет айтты» (әл-Бұхари, Муслим). Яғни жасы үлкен адамның хақысын ұмытпа, сөзді бірінші ағаң бастасын деген мағынада.   

قَالَ سَيِّدُنَا رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ : "لَيْسِ مِنَّا مَنْ لَمْ يُجِلَّ كَبِيرَنَا، وَ يَرْحَمْ صَغِيرَنَا، وَ يَعْرِفْ لِعَالِمِنَا حَقَّهُ" (الإمام أحمد، الحاكم، الطبراني).

 Убада ибн әс-Самиттен (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Үлкенімізді құрметтемеген, кішімізге қамқорлық көрсетпеген және ғалымымыздың қадірін білмеген адам бізден емес», – деген»  (имам Ахмад, әл-Хаким, әт-Табарани)[1].

 Мырзамыз Алла елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жастарға достық, мәжіліс-жиын, үлкенді құрметтеу әдебін үйретіп айтқан сөзіне құлақ түр:

قَالَ الصَّحَابِيُّ الْجَلِيلُ مَالِكُ بْنِ الْحُوَيْرِثِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ: "أَتَيْنَا رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَنَحْنُ  شَبَبَةٌ  مُتَقَارِبُونَ، فَأَقَمْنَا عِنْدَهُ عِشْرِينَ لَيْلَةً، وَ كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَحِيماً رَفِيقاً، فَظَنَّ أَنَّنَا قَدْ اشْتَقْنَا أَهْلَنَا، فَسَأَلَنَا عَمَّنْ تَرَكْنَا من أَهْلِنَا؟ فَأَخْبَرْنَاهُ، فَقَالَ : ارْجِعُوا إِلَى أَهْلِيكُمْ، فَأَقِيمُوا فِيهِمْ،  وَ عَلِّمُوهُمْ وَمُرُوهُمْ، وَإِذَا حَضَرَتِ الصَّلَاةُ، فَلْيُؤَذِّنْ لَكُمْ أَحَدُكُمْ، ثُمَّ لِيَؤُمَّكُمْ أَكْبَرُكُمْ" (رواه البخاري ومسلم).

 Ұлы сахаба Мәлик ибн әл-Хуайристен (р.а.): «Біз Алла елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бардық. Біз жасымыз шамалас жастар едік. Оның қасында жиырма күн тұрдық. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өте мейірімді әрі жұмсақ кісі болатын. Ол біз отбасымызды сағынған-ау деп ойлап, артымызда кімді қалдырып келгенімізді сұрады. Біз оған бар мән-жайды айтып бердік. Сонда Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Отбасыларыңа қайтыңдар және солармен бірге тұрыңдар. Оларға білім үйретіңдер әрі оларға (амал жасауды) бұйырыңдар. Намаз уақыты кіргенде, бірің азан айтып, жасы үлкенің имамдыққа шықсын», – деді» (әл-Бұхари, Муслим)[2].

Хафиз Ибн Ражаб әл-Ханбали[3] өз заманында ханбали мазһабының шейхы фақиһ, қазы, имам Әбу Яғла әл-Ханбалиден тәлім алған фақиһ Абул-Хасан Әли ибн әл-Мубарак әл-Кархидің өмірдерегіне қатысты мынадай бір дерек келтірген: «Әл-Кархи: «Бір күні қазы Әбу Яғламен келе жатқанымда, ол маған: «Егер өзіңе сыйлы адаммен бірге келе жатсаң, оның қай жағында жүресің?» – деп сұрақ қойды. Мен: «Білмеймін», – деп жауап бердім. Әбу Яғла: «Намазда имаммен бірге тұрғаның сияқты оң жағында жүресің. Сол жағында жүрме. Өйткені ол сіңбірінгісі келсе немесе үстінен бір нәрсені қаққысы келсе, оны сол жаққа қарап істейді», – деді[4].

 Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне сай қонақжайлылық, құрмет көрсетуді бірінші жасы үлкен әрі сыйлы адамнан бастаған жөн. Сосын барып оң жағында отырған адамға қызмет көрсет. Бұған дәлел ретінде жоғарыда айтылған «Жасы үлкенге сөз бер», «Үлкенді сыйламаған бізден емес»[5] деген хадистермен қатар көптеген хадисті мысалға келтірсе болады. Осыған орай мына хадистерді баяндаймыз:

  

عَنْ حُذَيْفَةِ بْنِ الْيَمَانِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ: "كُنَّا إِذَا دُعِينَا مَعَ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِلَى طَعَامٍ، لَمْ نَضَعْ أَيْدِيَنَا حَتَّى يَبْدَأَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَيَضَعَ يَدَهُ" (رواه مسلم).

Хузайфа ибн Яманнан (р.а.): «Егер біз Алла елшісімен (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бірге асқа шақырылсақ, ол кісі бастамайынша, ешбіріміз тамаққа қол созбайтын едік», – деген» (Муслим)[6].

Имам ән-Науауи «Рияд әс-салихин» кітабында әдептілік тақырыбына арнайы бір тарау арнаған[7]. Аталмыш тарауда көптеген хадисті келтірген. Сол хадистердің бірнешеуін баяндаумен шектелемін. Тарау «Ғұламаларға, жасы үлкен кісілерге, сыйлы адамдарға бірінші құрмет көрсетіп, оларды қадірлеу, төрден орын беру, оларды бағалау»[8] деп аталады.

قَالَ اللهُ تَعَالَى: "قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الَّذِينَ يَعْلَمُونَ وَالَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُولُو الْأَلْبَابِ".

Алла Тағала: «/Ей, Мұхаммед!/: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» – деп айт. Шын мәнінде, ақыл иелері ғана үгіт алады», – деген (Зумар, 9-аят).

 عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ عُقْبَةِ بْنِ عَمْرٍو الْبَدْرِي الْأَنْصَارِي رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَؤُمُّ الْقَوْمَ أَقْرَؤُهُمْ لِكِتَابِ اللهِ ، فَإِنْ كَانُوا فِي الْقِرَاءَةِ سَوَاءً فَأَعْلَمُهُمْ بِالسُّنَّةِ، فَإِنْ كَانُوا فِي السُّنَّةِ سَوَاءً فَأَقْدَمُهُمْ هِجْرَةً، فَإِنْ كَانُوا فِي الْهِجْرَةِ سَوَاءً فَأَقْدَمُهُمْ سِنّاً" (رواه مسلم). 

Әбу Масғуд Уқба ибн Амр әл-Бадри әл-Ансариден (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Құранды ең жақсы оқитын адам жұртқа имамдық қылады[9]. Егер адамдар Құран оқуда барлығы тең болса, сүннетті ең жақсы білетін адам имамдыққа өтеді. Сүннетті білу жағынан да барлығы тең дәрежеде болса, һижраны ең бірінші жасаған адам имамдыққа шығады. Ол жағынан да тең болса, жасы ең үлкен адам имамдық етеді», – деген» (Муслим)[10].

عَنْ عَبْدُ اللهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ : "لِيَلِنِي مِنْكُمْ أُوْلُو الْأَحْلَامِ وَ النُّهَى، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ" (رواه مسلم).

Абдулла ибн Масғудтан (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Сендерден маған ең жақын болатындар – пайым-парасаты мол ақыл иелері[11]. Осылайша әркім өз дәрежесіне сай жақын тұрады», – деген» (Муслим)[12].

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِييِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ  كَانَ يَجْمَعُ بَيْنَ الرَّجُلَيْنِ مِنْ قَتْلَى أُحُد، يَعْنِي فِي الْقَبْرِ، ثُمَّ يَقُولُ: أَيُّهُمَا أَكْثَرُ أَخْذاً لِلْقُرْآنِ؟ فَإِذَا أُشِيرَ إِلَى أَحَدِهِمَا قَدَّمَهُ فِي اللَّحْدِ" (رواه البخاري).

Жабирден (р.а.): «Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Ухуд шайқасында қаза тапқан шаһидтерді екі-екіден бір қабірге жерледі. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жерлеп жатып: «Қайсысы Құранды көбірек алған еді?» – деп сұрады[13]. Екі шаһидтің қайсысына меңзелсе, соны лақатқа бірінші қойды[14]» (әл-Бұхари)[15].

عَنْ ابِنِ عُمَر رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: "أَرَانِي فِي الْمَنَامِ أَتَسَوَّكُ بِسِوَاكٍ، فَجَاءَنِي رَجُلَانِ أَحَدُهُمَا أَكْبَرُ مِنَ الْآخَرِ، فَنَاوَلْتُ السِّوَاكَ الْأَصْغَرَ، فَقِيلَ لِي: كَبِّرْ، فَدَفَعْتُهُ إِلَى الْأَكْبَرِ مِنْهُمَا" (رواه مسلم).

Ибн Омардан (р.а.): «Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Мен түсімде мисуак қолданып жатқанымды көрдім. Бір кезде алдыма екі кісі келді. Бірінің жасы екіншісінен үлкен болды. Мен мисуакты жасы кішісіне бергенімде, маған: «Жасы үлкеніне бер» – делінді. Содан мен мисуакты үлкеніне ұсындым», – деді»[16] (Муслим)[17].

          عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِي رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ: "إِنَّ مِنْ إِجْلَالِ اللهِ تَعَالَى إِكْرَامَ ذِي الشَّيْبَةِ الْمُسْلِمِ, وَ حَامِلِ الْقُرْآنِ غَيْرِ الْغَالِي فِيهِ وَ الْجَافِي عَنْهُ, وَ إِكْرَامَ ذِي السُّلْطَانِ الْمُقْسِطِ" (أبو داود).

Әбу Муса әл-Ашғариден (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Сақал-шашы ағарған мұсылманды, Құранды көтеріп жүруші әрі онда шектен шықпаған, одан айнымаған адамды құрметтеу[18] және әділ басшыны құрметтеу[19] Алланы ұлықтаудың белгісі болып табылады», – деген» (Әбу Дәуд)[20].

عَنْ مَيْمُونِ بْنِ أَبِي شَبِيبٍ رَحِمَهُ اللهُ تَعَالَى، أَنَّ عَائِشَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهَا مَرَّ بِهَا سَائِلٌ، فَأَعْطَتْهُ كِسْرَةً، وَ مَرَّ بِهَا رَجُلٌ عَلَيْهِ ثِيَابٌ وَهِينَةٌ، فَأَقْعَدَتْهُ فَأَكَلَ، فَقِيلَ لَهاَ فِي ذَلِكَ؟ فَقَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ:"أَنْزِلُوا النَّاسَ مَنَازِلَهُمْ" (رواه أبو داود، الحاكم)

Маймун ибн Әби Шабибтен: «Бірде Айшаның (р.а.) қасынан бір міскін өткенде, оған бір үзім нан берді. Артынша жұпыны киінген басқа міскін өткенде, оны отырғызып, тамақ береді. Сонда біреу Айшадан (р.а.) бұлай істеуінің мәнісін сұрады. Айша (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдарға дәрежелеріне сай құрмет көрсетіңдер», – деген», – деп жауап берді» (Әбу Дәуд, әл-Хаким)[21].

         عَنْ أَبِي سَعِيدٍ سَمُرَةِ بْنِ جُنْدُبٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: "لَقَدْ كُنْتُ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ غُلَاماً، فَكُنْتُ أَحْفَظُ عَنْهُ، فَمَا يَمْنَعُنِي مِنَ الْقَوْلِ إِلَّا أَنَّ هَا هُنَا رِجَالاً هُمْ أَسَنُّ مِنِّي" (البخاري ومسلم).

Әбу Сағид Самура ибн Жундубтен (р.а.): «Мен Алла елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) заманында жас бала болатынмын. Одан Құран мен хадис жаттайтынмын. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мені сөз сөйлеуден еш тоспайтын, бірақ құзырында менен үлкен ер адамдар болса, сөзді соларға беретін», – деген» (әл-Бұхари, Муслим)[22].  «Рияд әс-салихин» кітабынан іріктеліп алынған хадистер.

Сүннет бойынша ең бірінші жасы үлкен адамға немесе ең қадірлі тұлғаға яки ең білімді ғалымға сый көрсетіледі. Яғни жұрт ішінде бір адам жасының үлкендігімен, телегей-теңіз білімімен, пайым-парасатымен, Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) ұрпағы болуымен, имамдығымен, қолбасшылығымен, Алла жолында күрес жүргізген сардарлығымен, жомарттығымен ерекшеленсе, сүннет бойынша барлығынан бұрын соған бірінші құрмет көрсетіліп, сыйлы қонақ болады. Сосын барып оның оң жағында отырған адамдарға құрмет көрсетіледі. Осылайша оң жақта отырған адамға бірінші құрмет көрсетуге шақырған хадистер мен «Жасы үлкенге сөз бер», «Үлкенімізді сыйламаған бізден емес», «Бірінші жасы үлкен кісілерден бастаңдар» деген хадистерді еш қайшылықсыз амалға асыруға болады.

Мәселен, кейбір адамдар хадис мәтіндерін дұрыс түсінбегендіктен, түп мән-мағынасын ұғына алмағандықтан, «сүннет бойынша оң жақта отырған адамға бірінші құрмет көрсетіледі, ол қандай адам болса да» деп пайымдайды. Осылайша, олар тек оң жақтан бастауға шақырған хадистерге ғана сүйеніп алады. Бірақ олар аталмыш сүннеттің адамдардың жас ерекшелігі, мінез-құлқы, ізгілігі тең болған жағдайда ғана амалға асырылатынын ескермейді. Жиындағы адамдардың барлығы тең болса, оң жақтан бастау, сөзсіз, сүннет. Ал егер олардың арасында жасы үлкен адам табылса, сый-құрмет көруге ең бірінші сол лайықты болмақ. Өйткені ол жас ерекшелігімен бәрінен жоғары тұрады. Осы ерекшелігімен ақсақал адам өзгелердің алды болады. Қызмет, құрметті ең бірінші көретін де – сол. 

Имам Ибн Рушд «Әл-Баян уа әт-тахсил» атты кітабында: «Жиынға келген адамдардың дәрежелері тең болса, ахлақ жағынан алғанда оң жақтан бастау мұстахаб саналады. Аталмыш мәміленің осылайша жасалуының мәнісі – бірінің дәрежесін көтеріп, бірінің дәрежесін түсіруден сақтану. Ал егер олардың арасында ғалым не елге сыйлы адам, не жасы үлкен кісі табылса, ол мәжілістің қай жерінде отырғанына қарамай, содан бастау – сүннет. Сосын барып оның оң жағында отырған адамға құрмет көрсетіледі. Бір риуаят бойынша, Алла елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) су араласқан сүт ұсынылады. Алла елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) оң жағында бір бәдәуи отырса, сол жағында Әбу Бәкір (р.а.) отырды. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сүтті бірінші өзі ішіп, сосын сүтті әлгі бәдәуиге ұсынып жатып: «Оң жақтан, оң жақтан бастаған жөн», – деген.

Мәселен, біреу сол жағында отырған серігіне білімі, қайыр-жақсылығы, жас ерекшелігі үшін сый-құрметті бірінші көрсеткісі келсе, оң жағында отырған серігінен рұқсат сұрауға тиісті. Бір риуаят бойынша, Алла елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір сусын әкеліп беріледі. Ол сусынды бірінші өзі ішеді. Алла елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) оң жағында бір жас бала, сол жағында жасы үлкен кісілер отырады. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) әлгі баладан: «Мына кісілерге сусынды бірінші ұсынсам, рұқсат етесің бе?» – деп сұрады. Әлгі бала: «Уа, Алланың елшісі, Алланың атымен ант етейін, жоқ. Сіздің қолыңыздан бұйырған несібемді бірінші алғым келеді», – деді. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) әлгі баланың қолына сусынды табыстады. Яғни Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) әлгі баланың қолына сусынды мықтап ұстатты. Осылайша ол жас баланың сусынды бірінші алуға лайықты екенін аңғартқысы келді[23].

Жоғарыда айтқанымдай, егер жиынға келген адамдар тең дәрежелі болса, шариғат бойынша оң жақтан бастау – сүннет. Ал мәжілісте шариғатымызда  ерекше, қадірлі сипатқа ие тұлға болса, онда, сөзсіз, бірінші содан бастаған жөн.

Қонақ күткен адам «қай жағдайда да оң жақтан бастағаны жөн» деген пікірге сүйеніп, оң жағында отырған қонағынан бастағаны дұрыс па?! Тіпті оң жақта отырған қонағы жасөспірім балалар немесе мәжілістегі қызметші, немесе үлкен ғалым, құрметті басшы, құрметті ақсақал, ата-ана, ағайын-туыс сияқты қадірлі адамдарға жол көрсетіп келген көлік жүргізушісі болса да?! Аталмыш сыйлы қонақтар тұрғанда қонақжайлылықты бірінші жас баладан не қызметшіден, не көлік жүргізушіден, сосын сол қатарлы қарапайым адамдардан бастауды ислам фиқһы мен әдебі қалайша құптасын?! Қадірлі қонаққа қарағанда оң жақта отырған адамдар саны он шақты немесе одан да көп болуы әбден мүмкін. Сонда адам оншақты не жиырма шақты адамнан өтіп барып, төрдегі сыйлы қонаққа соңында қызмет көрсете ме?!

Жоқ, ислам фиқһы, әдебі мұндай әдепсіздікті, құрметсіздікті құптамайды, ондайдан ада. Мәселен, жас бала немесе қара халық, немесе сол қатарлы бір адам арнайы түрде мәжіліс иесінен сусын сұраса, әрине, сұраған адамға бірінші жауап беруі тиіс. Сосын сусынды оң жақта отырған адамға береді. Оң жақта отырған адам тіпті жасы кіші не қарапайым адам болса да. Мәселен, мәжіліс қожайыны сұраған адамға сусын беріп жатқанда, қонақтардың ішіндегі жасы үлкен кісінің не бір сыйлы адамның қол созып қалғанын көрсе, сусынды соның қолына ұстата салғаны жөн. Осындай таңдау түскен сәтте ислам әдебін ескерген абзал. Мұндай әдептілік адамның абройын арттырып, қадірін өсіріп, сауапқа кенелтеді.

 


[1]  «Муснад имам Ахмад», IV том, 95-бет (2329). Әл-Хаким, «Әл-Мустадрак», І том, 122-бет. Әт-Табарани, XI том, 72-бет, (11083); 449-бет (12276). «Сунан әт-Тирмизи», (1986). «Муснад әл-Бәззар», І том, 181-бет; ІІ том, 185-бет.  

[2] «Сахих әл-Бұхари», «Азан» бөлімі, «Сапарда бір адам азан шақырсын» деген тарау (628); «Жолаушылар бір топ адам болса, олар үшін азан шақырып, қамат айту» тарауы (630), (631); «Екі не одан көп адам – жамағат болады» тарауы (658); «Егер адамдардың жасы бірдей болса, оларға жасы үлкені имам болады» деген тарау (685); «Екі сәжде арасында аздап кідіру» тарауы (819). «Екі адамның сапары» тарауы (2848); «Адамдар мен жануарларға мейірімді болу» тарауы (6008);  «Ахад хадистер» тарауы, «Шыншыл бір адамның азан, намаз, ораза, мирас бөлісу, үкімдерге қатысты жеткізген хабарын қабыл алу» тарау (7246). «Сахих Муслим», «Мешіттер мен намаз оқитын орындар» бөлімі, «Имамдыққа кім лайық?» тарауы (674).

[3] Хафиз Ибн Ражаб әл-Ханбали әл-Бағдади әд-Димашқи, «Зайл табақат әл-ханабила», І том, 87-бет.

[4] Адамның сол жағына қарап түкіруі – сүннет. Абдулла ибн әс-Самиттен жеткен бір дерек бойынша, Мұғаз ибн Жабал (р.а.) сырқаттанып қалып, оң жағына түкіреді немесе оң жағына түкіргісі келіп: «Мұсылман болғаннан бері оң жағыма түкірген емеспін», – дейді.                       Әт-Табарани, «Әл-Муғжам әл-кабир», XX том, 163-бет, (341). Әл-Һайсами, «Мажмағ әз-зауаид», IX том, 311-бет. 

[5] Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) «Үлкенге сөз бер» деген хадисі мен «Үлкенімізді сыйламаған, кішімізге қамқорлық көрсетпеген, ғалымымыздың қадірін білмеген адам бізден емес» деген хадисімен әдепсіз адамның мұсылман жамағатынан шет қалатынын айтқан. Аталмыш әдептің адам өмірінде, мәміле жасағанда, қарым-қатынас түзгенде сақталуы өте маңызды болғандықтан, осылай айтылған. Әдепті бұзу адами болмыстың сиқын кетіріп, дөрекілік, жеккөрініш, араздық тудырады. 

[6] «Сахих Муслим», «Ас-сусын» бөлімі, «Ас қабылдау және сусын ішудің әдебі мен үкімі» тарауы (2017).

[7] Имам Әбу Закария ән-Науауи, «Рияд әс-салихин», Каир – 1380 һ.ж., 206-бет.

[8] Ғұлама Мұхаммед ибн Аллан әс-Садиқи әш-Шафиғи «Далил әл-фалихин ли туруқ Рияд әс-салихин» кітабында имам ән-Науауи жазған аталмыш тарауды былайша түсіндірген: «Ғұламаларға құрмет көрсету» дегені жас ғалым болса да, оны сыйлау мағынасында. «Үлкендерге құрмет көрсету» дегені ғалым болмаса да, жасы үлкен болғаны үшін қадірлеу мағынасында. «Сыйлы адамдарға құрмет көрсету» дегені жомарт, парасатты, батыр және басқа да жақсы қасиетке бай адамды қадірлеу мағынасында. «Оларға бірінші құрмет көрсету» дегені қарапайым өзге адамдардан бұрын сөз беру, орын беру, алға шығару мағынасында. «Төрден орын беру» дегені аталмыш адамдар «Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мәжілістің шеті аяқталған жерге барып отыратын» деген хадиске амал жасап, кішіпейілдік танытып, төрден орын сұрамаса да, оларды құрметтеп төрге шығару керек мағынасында. «Оларды бағалу» дегені қоғамда лайықты орындарын беру мағынасында. Имам ән-Науауидің айтқанына қарағанда, хадиске сай мәжілісте отырған әр адам дәрежесіне қарай құрмет көреді. Ғалым адам жасы үлкен адамнан жоғары тұрады, үлкен адам жасы кіші адамнан жоғары тұрады, осылайша, әркім дәрежесіне сай құрметке бөленуі тиіс. Алайда бұл тәртіп қожайыны, иесі жоқ мәжілісте, отырыста ғана жүзеге асады. Егер қандай да бір жерде жиын болып, ол жердің қожайыны, иесі болса, ол Құранды ең жақсы оқитын адамнан да, дінді ең жақсы білетін ғалымнан да бұрын сөз сөйлеп, орын алып, құрмет көруге лайықты болады. Тіпті ондай мәжілісте құрметті, сыйлы адам отырса да, қожайын бірінші болып сөз сөйлеуге, төрге шығуға, құрмет көруге құқұлы. Өйткені бұл үй, жер, аймақ – қожайынының хақысы», ІІ том, 205-бет.        

[9] Мұхаммед ибн Аллан әс-Садиқи әш-Шафиғи: «Хадистегі «Құранды ең жақсы оқитын адам жұртқа имамдық қылады» деген сөйлем құрамы жағынан хабарлы сөйлем болғанмен, мағынасы «имамдық қылсын» деген бұйрық райды білдіріп тұр. Аталмыш сөйлемнің астарында тек хабарлау ғана мақсат етілмеген», – деген. Абдул-Фаттах: «Яғни бұйрық пен жауапкершілік мақсат етілген».

[10] «Сахих Муслим», «Мешіттер мен намаз оқитын орындар» бөлімі, «Имамдыққа кім лайық?» тарауы, (673).

[11] Ибн Аллан әс-Садиқи: «Намазда маған парасатты, өте білімді адам жақын тұрады деген мағынада. Бұл хадисте имамға білімі мен парасаты мол адам жақын тұратындығы айтылған. Өйткені ондай адам өте қадірлі саналады әрі имам намазда жаңылса, оның есіне салады. Бұл тек намазға ғана қатысты емес. Сүннет бойынша білім, қазылық, Алланы еске алу, дәріс беру, пәтуа беру, хадис есту сияқты мәжілістерде имамға немесе ғалымға білімі мен пайым-парасаты мол адамдар жақын отыруға лайықты. Осылайша қалған адамдар біліміне, дінді ұстануына, ақылдылығына, қадіріне, жасына қарай мәжіліс-жиында өз орнын алуы тиіс. Аталмыш әдепті қуаттайтын хадистер жеткілікті», – деген.   

[12] «Сахих Муслим», «Намаз» бөлімі, «Намазда сапты түзеу және алдыңғы қатардың артықшылығы» тарауы (432).

[13] Яғни қайсысы Құранды көбірек жаттаған еді? деген мағынада.

[14] Яғни аталмыш шаһидтің жасы кіші болса да, Құранды көбірек жаттағандығы үшін Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) оны құрметтеп, құбылаға қаратылып қазылған лақатқа мүрдесін бірінші қойды.

[15] «Сахих әл-Бұхари», «Жаназа» бөлімі, «Лақатқа бірінші қойылатын адам» тарауы, (1347).

[16] Имам Ибн Баттал: «Бұл хадисте мисуакты бірінші жасы үлкен кісіге беру керектігі баяндалған. Сондай-ақ бұл мәселе ас қабылдау, сусын ішу, үлкен кісімен бірге жүру, сөз сөйлеу сияқты істерге де қатысты», – деген. 

[17] «Сахих Муслим», «Түс көру» бөлімі, «Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) түсі» (2271). «Сахих әл-Бұхари», «Дәрет алу» бөлімі, «Мисуакты бірінші жасы үлкен адамға ұсыну» тарауы (246). 

[18] «Шектен шықпаған» дегені Құранға амал еткенде орта жолды ұстанып, ынсаптылық сақтап, Құрандағы астарлы мағыналы муташабиһ аяттарды, мәселелерді қазбаламаған адам мағынасында. «Одан айнымаған» дегені Құран оқуды қалдырмай, Құранда баяндалған бұйрықтарға амал етіп, одан айырылмаған адам мағынасында.  

[19] «Әділ басшы» дегені қол астындағы халықты әділдікпен басқарған адам мағынасында.

[20] «Сунан Әбу Дәуд», «Әдеп» бөлімі, «Адамдарға қадіріне қарай құрмет көрсету» тарауы (4843). «Сунан әл-Байһақи», VIII том, 163-бет. «Шуғаб әл-иман», (2685), (2686), (2687), (9018), (10840), (10984), (10985), (10986), (10988). Әл-Бұхари, «әл-Әдаб әл-муфрад», «Үлкенді сыйлау» тарауы, (357). «Мусаннаф Ибн Әбу Шәйбә», Х том, 551-бет; ХІІ том, 221-бет. әл-Бұхари, «әт-Тарих әл-кабир», 6 том, 19-бет. әл-Хараити, «Макарим әл-ахлақ», 55-бет. «Муснад әш-Шаши», (20). Әбу Абид, «Фадаил әл-Қуран», 89-бет. Хафиз әл-Һайсами, «Мажмағ әз-зауаид», (734).    

[21] «Сунан Әбу Дәуд», «Әдеп» бөлімі, «Адамдарға қадіріне қарай құрмет көрсету» тарауы (4842). Әл-Байһақи, «Әл-Әдаб», (299), (300). «Муснад Әби Яғла», (4826). Әл-Байһақи, «Шуғаб әл-иман», (10999). Әбу Шейх, «Әл-Әмсал», (241). Әбу Нуғайм, «Хилятул-әулия», IV том, 379-бет. Әл-Хаким, «Мағрифа улум әл-хадис», 49-бет. Хафиз әс-Сахауи, «әл-Мақасид әл-хасан», 93-бет. Әл-Хараити, «Макарим әл-ахлақ», (46). Хафиз Ибн Хажар, «Итхаф әл-маһара», ХVII том, 574-бет. Хафиз әс-Сахауи, «Әл-Жауаһир уа әд-дурар», І том, 59-бет.  

[22] «Сахих Муслим», «Жаназа» бөлімі, «Имам жаназа оқығанда мәйіттің қай жағында тұрады» тарауы (964). «Сахих әл-Бұхари», «Таяммум алу» бөлімі, «Нифас күйде қайтыс болған әйел кісілерге жаназа оқу және оның сүннеті» тарауы (332). «Жаназа» бөлімі, «Нифас күйде дүниеден өткен әйел кісілерге жаназа оқу» тарауы (1331), (1332).  

[23] Әбул-Уалид Мұхаммед ибн Рушд әл-Қуртуби әл-Андалуси, «Әл-Баян уа әт-тахсил», «Тоғызыншы жинақ» тарауы, ХVIII том, 554-555 беттер. 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Аз тамақтану көп бәледен қорғайды #10 Мәжіліс әдебі

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам әдебі #10 Мәжіліс әдебі
​​​​​​​Қандай да бір мәжіліске келсеңіз, адамдардың барлығына бірдей сәлем беріңіз. Қол алысып амандасқыңыз келсе, ең бірінші ең сыйлы, ең білімді, ең тақуа, жасы ең үлкен немесе шариғат бойынша құрметті деп танылған адамнан бастаңыз. Сәлемді мәжілісте көзіңіз шалған бірінші адамнан бастай салмаңыз....
Ислам әдебі #9 Қонақтың әдебі
Қонаққа барғанда үй иесімен орын жайында тартыспаңыз, қай жерді ұсынса, сонда отырыңыз. Тіпті үй қожайыны көрсеткен жерге отыруға тиіссіз. Өйткені өзіңіз қалаған орынға отырсаңыз, бәлкім, көзіңіз үйдегі тыйым салынған жерге түсіп қалуы мүмкін. Не бұл отырысыңызбен үй иесін ыңғайсыз жағдайға қалдырар...
Ислам әдебі #8 Сыпайы болу әдебі
Біреудің үйіне немесе өз үйіңізге кіріп  шықсаңыз, сыпайылық сақтаңыз. Көзіңізді төмен салып, дауысыңызды бәсеңдетіңіз, аяқкиіміңізді шешіп, реттеп кіріңіз, қалай болса солай тастамаңыз. Кигенде де әдепке сай, оң жақтан бастап киіңіз, ал шешерде сол аяқтан бастаңыз....
Ислам әдебі #7 Қонақтық әдебі
Ұлы табиғин Қатада ибн Диғама әс-Садуси: «Қонақ қыла алмайтындығын айтқан адамның есігінің алдында тұрып алмаңыз. Бәлкім, сіздің ол адамда қажеттілігіңіз бар болар. Бірақ олар сіздің қажеттілігіңізден де маңызды іспен қолы тимеуі мүмкін. Ондай жағдайда үй иелері сізден кешірім сұрап, үзір айтуға ақы...
Ислам әдебі #6 Зиярат жасау әдебі
Сіз бауырыңыздың не досыңыздың, не танысыңыздың не біреудің есігін қақсаңыз, ақырын қағыңыз. Үй иесі біреудің келгенін білсе жеткілікті. Жау келгендей не біреуді жазалауға келгендей есікті қатты соққыламаңыз. Олай істесеңіз, үй ішіндегі адамның үрейін алып, әдепсіздік танытқан боласыз.  ...
Ислам әдебі #5 Отбасы мүшелері арасындағы әдеп
Егер отбасы мүшелерінің бірі өз бөлмесінде отырса, ол жерге кірерде рұқсат сұрап кіріңіз. Сонда жақыныңызды ыңғайсыз жағдайда қалдырмайсыз.  Туыс-жаран болсын, алыс адам болсын немесе ата-анаң, ұл-қыздарың, ұлдарың болсын, оларға рұқсат сұрап кіріңіз....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:43

Екінтіге дейін 02:13

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi