#6 Зиярат жасау әдебі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:43
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

#6 Зиярат жасау әдебі

| A | +

Сіз бауырыңыздың не досыңыздың, не танысыңыздың не біреудің есігін қақсаңыз, ақырын қағыңыз. Үй иесі біреудің келгенін білсе жеткілікті. Жау келгендей не біреуді жазалауға келгендей есікті қатты соққыламаңыз. Олай істесеңіз, үй ішіндегі адамның үрейін алып, әдепсіздік танытқан боласыз.  

Бірде бір әйел кісі имам Ахмад ибн Ханбалдан бір діни мәселе жайлы сұрауға келіп, есігін қатты қағады. Имам Ахмад: «Мынау қала сақшыларының қағысы ғой», – деп сыртқа атып шыққан.

Сахабалар әдептілік сақтап Алла елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) есігін тырнақтарымен қағатын. Бұл риуаят имам әл-Бұхаридің «әл-Әдаб әл-муфрад» жинағында баяндалған. Әлбетте, үй иесі есікке жақын болса, осылай әдептілікпен қаққан жөн. Ал үй иесі есіктен алыс отырса,  еститіндей қақса жеткілікті. Есікті қатты соққылаудың қажеті жоқ. Жоғарыда әдептіліктің осы түріне қатысты

عَنْ عَائِشَةَ زَوْجِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَنْ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: "إِنَّ الرِّفْقَ لَا يَكُونُ فِي شَيْءٍ إِلَّا زَانَهُ وَلَا يُنْزَعُ مِنْ شَيْءٍ إِلَّا شَانَهُ" (رواه مسلم).

Айшадан (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Жұмсақтық қай істе көрініс тапса, оған сән береді. Ал қандай да бір іс жұмсақтықтан жұрдай болса, ол істің сиқы кетеді», – деген» (Муслим)[1] хадисті баяндаған болатынбыз.

عَنِ النَّبِي صَلَّى الله عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، قَالَ: "مَنْ يَـحْرُمِ الرِّفْقَ، يَـحْرُمِ الْـخَيْرَ كُلَّهُ" (رواه مسلم).

Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде: «Кімде-кім жұмсақтықтан жұрдай болса, барлық жақсылықтан құр қалады», – деген» (Муслим)[2].

Есікті қаққаныңызда әр қағыс аралығын аздап созғаныңыз жөн.  Себебі үй иесі дәрет алып жатқан болса, дәретін асықпай алуына мұрсат беру керек. Не намаз оқып жатса, намазын асықпай оқуына мүмкіншілік берген дұрыс. Не тамақтанып, бір түйір асын жеп алуға уақыт берген жөн. Ғұламалардың айтуынша, әр қағыстың арасы төрт ракағат намаз уақытындай болу керек. Өйткені сіз есікті қаққан кезде, үй иесі намазын енді ғана бастаған болуы мүмкін.

Егер сіз есікті асықпай қағып жатқанда «үй иесі бос болғанда, шығар еді ғой» деген ой келсе, қайтып кеткеніңіз дұрыс.

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى الله عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: "إِذَا اسْتَأْذَنَ أَحَدُكُمْ ثَلَاثاً فَلَمْ يُؤْذَنْ لَهُ، فَلْيَنْصَرِفْ" (رواه البخاري و مسلم).                                                  

Себебі Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің біреуің үш рет рұқсат сұраған уақытта оған жауап берілмесе, қайтып кетсін», – деген» (әл-Бұхари, Муслим)[3].

Үйге кіруге рұқсат сұраған уақытта есіктің дәл алдында емес, оң не сол жағында тұрыңыз.

"كانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا أَتَى بَابَ قَوْمٍ لَمْ يَسْتَقْبِلِ الْبَابَ مِنْ تِلْقَاءِ وَجْهِهِ، وَلَكِنْ مِنْ رُكْنِهِ الْأَيْمَنِ، أَوِ الْأَيْسَرُ" (رواه أبو داود).

«Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір адамдардың есігіне келгенде есікке қарама-қарсы тұрмай, есіктің оң не сол жағында тұратын» (Әбу Дәуд)[4].

 Бір бауырыңыздың үйіне келіп, есігін қаққан уақытта үй ішінен: «Кім бұл?» – деп сұраса, пәленшемін деп есіміңізді толық айтыңыз. «Біреумін» немесе «менмін», не «осындай тұлғамын» деп жауап бермеңіз. Үй иесі мұндай жауаптан есіктің артында кім тұрғанын тани алмауы мүмкін. Үй ішіндегі адам мені даусымнан таниды деп ойлау да дұрыс емес. Адамдардың дауыстары бір-біріне ұқсас келуі де мүмкін, дауыс ырғақтары бір-бірінен айнымай тұруы – жиі  кездесетін жайт. Үй иесі сіздің даусыңызды тануы да, ажырата алмай қалуы да ықтимал. Адамдардың дауыстары көбіне жаңылдырады. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) есікті қағып жатқан кісінің «мен» деп айтуын ұнатпайтын. Өйткені «мен» деген сөзбен адамның кім екені анықталмайды.

عَنْ جَابِر بْنِ عَبْدِ اللهِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: "أَتَيْتُ النَّبِيَّ صَلَّى للهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ فَدَقَقْتُ الْبَابَ، فَقَالَ: مَنْ هَذَا؟  فَقُلْتُ: أَنَا، فَقَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ: أَنَا أَنَا؟! كَأَنَّهُ كَرِهَهَا" (رواه البخاري و مسلم).

Жәбир ибн Абдулладан (р.а.): «Мен Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) үйіне келіп, есігін қақтым. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл кім?» – деді. Мен: «Мен», – деп жауап бердім. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Мен, менің кім?!» – деп менің сөзімді жақтырмаған сыңай танытты» (әл-Бұхари, Муслим)[5].

Сол үшін сахабалар біреудің үйіне келгенде «Бұл кім?» деген сұраққа есімін айтып, толық жауап беретін.

عَنْ أَبَي ذَرِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ، قَالَ: "خَرَجْتُ لَيْلَةً مِنَ اللَّيَالِي، فَإِذَا رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَمْشِي وَحْدَهُ، فَجَعَلْتُ أَمْشِي فِي ظِلِّ الْقَمَرِ، فَالْتَفَتَ فَرَآنِي، فَقَالَ: «مَنْ هَذَا؟»، فَقُلْتُ: أَبُو ذَرِّ" (رواه البخاري ومسلم).

Әбу Зардан (р.а.): «Бір түні сыртқа шықсам, Алланың елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жалғыз өзі кетіп бара жатыр екен. Айдың жарығымен артынан ердім. Ол кісі артына бұрылып, менің сұлбамды көрді де, «Бұл кім?» – деді. Мен: «Әбу Зармын», – дедім» (әл-Бұхари, Муслим)[6].

عَنْ أُمِّ هَانِئِ أُخْتِ سَيِّدِنَا عَلِي وَ ابْنَةِ عَمِّ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ، رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَتْ: أَتَيْتُ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ وَ هُوَ يَغْتَسِلُ، وَفَاطِمَةُ تَسْتُرُهُ، فَقَالَ: مَنْ هَذِهِ؟، فَقُلْتُ: أَنَا أُمُّ هَانِئ" (رواه البخاري ومسلم).

Әлидің (р.а.) қарындасы және Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) көкесінің қызы Умму Һаниден (р.а.): «Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) үйіне барғанымда, ол ғұсыл құйынып жатыр екен. Фатима оны жауып тұрды. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл кім?» – деді. Мен: «Мен Умму Һани», – деп жауап бердім» (әл-Бұхари, Муслим)[7].

 


[1] «Сахих Муслим», «Жақсылық жасау және туысқандық қатынас» бөлімі, «Жұмсақтық қасиетінің артықшылығы» тарауы (2594).  Әл-Бұхари, «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Жұмсақ болу» тарауы (469). «Сунан Әбу Дәуд», «Әдеп» бөлімі, «Жұмсақ болу» тарауы (4808). Әл-Байһақи, «Шуғаб әл-иман», «Амалды тек Алла Тағала үшін жасау және рияға жол бермеу» тарауы (6475). «Мусаннаф Ибн Әбу Шәйбә», «Әдеп» бөлімі, «Жұмсақтық пен байсалдылық» тарауы (25304).

[2] «Сахих Муслим», «Жақсылық жасау және туысқандық қатынас» бөлімі, «Жұмсақтық қасиетінің артықшылығы» тарауы (2592). Әл-Бұхари, «Әл-Әдаб әл-муфрад» (463). «Сунан Әби Дәуд», «Әдеп» бөлімі, «Жұмсақ болу» тарауы (4809). «Муснад имам Ахмад», «Куфалықтардың муснады», «Жарир ибн Абдулланың хадисі» (19208), (19252). «Сахих Ибн Хиббан», «Ізгілік пен жақсылық жасау» бөлімі, «Жұмсақ болу» тарауы (548). Әл-Хараити, «Макарим әл-ахлақ», «Жұмсақ болу, сабырлық сақтау, асығыстыққа жол бермеудің мұстахап екендігі» туралы тарау (675), (677). Әл-Байһақи, «Шуғаб әл-иман», «Көркем мінез-құлық» бөлімі, «Барлық істе ұстамдылық, сабырлық, жұмсақтық сақтау туралы» тарау (8058), (8059); Әл-Байһақи, «Әл-Әдаб», «Барлық істе жұмсақтық сақтау» тарауы (143). Әл-Хатиб әл-Бағдади, «Муаддих ауһам әл-жамғ уа әт-тафриқ», «الْمِيمْ» тарауы, ІІ том, 411-бет. «Мусаннаф Ибн Әбу Шәйбә», «Әдеп» бөлімі, «Жұмсақтық пен байсалдылық» тарауы (25303), (25306). әт-Табарани, (2458); (2273), (2274), «Әл-Муғжам әл-кабир», «الجيم» тарауы (2449), (2450), (2451), (2452), (2453). Хафиз әл-Һайсами, «Мажмағ әз-зауаид», «Әдеп» бөлімі, VIII том, 18-бет. Һаннад, «әз-Зуһд» (1431). Уакиғ, «әз-Зуһд» (461). «Муснад Әбу Дәуд әт-Таилиси», «Жарир ибн Абдулла әл-Бажалидің хадистері» (701). Яғқуб ибн Суфян, «әл-Мағрифа уа әт-тарих», ІІІ том, 218-219 беттер. Ибн Әбу Хатим әр-Рази, «Әл-Илал», ІІ том, 274-275 беттер. Әр-Рамһурмузи, «әл-Мухаддис әл-фасил», (589). Әл-Хатиб әл-Бағдади, «Әл-Жамиғ ли ахлақ әр-рауи», (830).         

[3] «Сахих әл-Бұхари», «Рұқсат сұрау» бөлімі, «Үш рет рұқсат сұрау және сәлемдесу» тарауы, (6245). «Сахих Муслим», «Әдеп» бөлімі, «Рұқсат сұрау» тарауы (5751).

[4] «Сунан Әбу Дәуд», «Әдеп» бөлімі, «Рұқсат сұрау» тарауы (4673). Имам Мулла Али әл-Қари, «Мирқатул-мафатих шарх мишкатил-масабих», «Әдеп» бөлімі, «Рұқсат сұрау» тарауы, VIII том, 492-бет (4673).  

[5] «Сахих әл-Бұхари», «Рұқсат сұрау» бөлімі, «Бұл кім?» деп сұрағанда «мен» деп жауап берген адам туралы» тарау (5896). «Сахих Муслим», «Әдеп» бөлімі, «Бұл кім?» деп сұрағанда рұқсат сұраушының «мен» деп жауап беруі туралы» тарау (2155).

Имам әл-Миззидің «Таһзиб әл-камал» атты кітабы мен имам әз-Заһабидің «Сияр ағлам ән-нубала» кітабында 130 һ.ж. дүниеге келіп, 219 һ.ж. дүниеден өткен хадис ғалымы имам Әбу Нуғайм әл-Фадл ибн Дукайн әл-Куфидің өмірінде орын алған бір қызықты оқиға баяндалған. Автордың айтуынша, Әбу Нуғайм әзілқой адам болған. Али ибн әл-Аббас әл-Муқаниғиден: «Әл-Хусейн ибн Амр әл-Анқазидің былай деп айтқанын естідім: «Бірде бір адам Әбу Нуғаймнің есігін қағады. Әбу Нуғайм: «Бұл кім?» – дейді. Әлгі адам: «Мен», – дейді. Әбу Нуғайм: «Мен дегенің кім?» – деп сұрайды. Әлгі адам: «Адам баласымын», – деп жауап береді. Сол сәтте Әбу Нуғайм сыртқа шығып, келген қонағын сүйіп: «Қош келдің, Адам нәсілінен біреуі де қалмаған шығар деп ойлап қалдым», – дейді».        

[6] «Сахих әл-Бұхари», «Риқақ» бөлімі, «Дүниенің сән-салтанатына батқан адамдар Қиямет күні ізгі амалдары аз болады» тарауы (6078). «Сахих Муслим», «Зекет» бөлімі, «Садақа беруге ынталандыру» (75). 

[7] «Сахих әл-Бұхари», «Бітім жасау және жизия» бөлімі, «Әйел кісілерге қауіпсіздікті қамтамассыз ету» тарауы (3171). Хафиз Ибн Хажар әл-Асқалани, «Фатхул-Бари шарх Сахих әл-Бұхари», «Ғұсыл алу» бөлімі, «Ғұсыл құйынғанда адамдардан жасырыну» тарауы (280), (357), (3171), (6156). «Сахих Муслим», «Хайыз» бөлімі, «Ғұсыл құйынған адамның киіммен бүркенуі» тарауы (336).

 

Кітаптың авторы: Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда әл-Ханафи

Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Алғыс айту – асыл қасиет Құран жайлы 40 хадис: 10-ХАДИС

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам әдебі #5 Отбасы мүшелері арасындағы әдеп
Егер отбасы мүшелерінің бірі өз бөлмесінде отырса, ол жерге кірерде рұқсат сұрап кіріңіз. Сонда жақыныңызды ыңғайсыз жағдайда қалдырмайсыз.  Туыс-жаран болсын, алыс адам болсын немесе ата-анаң, ұл-қыздарың, ұлдарың болсын, оларға рұқсат сұрап кіріңіз....
Ислам әдебі #4 Үйге кіру әдебі
Үйге кірер кезде үй ішіңізге келгеніңізді білдіріңіз. Үйіңізге атүсті  немесе аңдыған адам сияқты сау етіп кіріп, олардың үрейін алмаңыз. Әбу Убайда Амр ибн Абдуллаһ ибн Масғұд (р.а.): «Әкем, яғни Абдулла ибн Масғұд үйге кірерде келгенін білдіру үшін дауысын шығарып кіретін», – деген....
Ислам әдебі #3 Сәлемдесу әдебі
Әнастан (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) маған: «Уа, балақайым, үйіңе кіргенде сәлем бер. Ол өзіңе және үй ішіңе береке болып қайтады», – деген» (әт-Тирмизи)...
Ислам әдебі #2 Жұмсақ болу әдебі
Айшадан (р.а.): Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Жұмсақтық қай істе көрініс тапса, оған сән береді. Ал қандай да бір іс жұмсақтықтан жұрдай болса, ол істің сиқы кетеді», – деген. (Муслим)...
Ислам әдебі #1 Ислам әдебі
Ислам дінінде әдеп пен ізгі амалдардың түрі өте көп. Бұл әдептер мен ізгі қасиеттер адам өміріндегі кез келген іске қатысты[1]. Бұл мәселе ер адамның да, әйел адамның да өмірімен тығыз байланысты. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Анығында, әйелдер ер адамдардың біртуғаны», –...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:43

Екінтіге дейін 02:03

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi