#8 Сыпайы болу әдебі
Сыпайы болу әдебі
Біреудің үйіне немесе өз үйіңізге кіріп шықсаңыз, сыпайылық сақтаңыз. Көзіңізді төмен салып, дауысыңызды бәсеңдетіңіз, аяқкиіміңізді шешіп, реттеп кіріңіз, қалай болса солай тастамаңыз. Кигенде де әдепке сай, оң жақтан бастап киіңіз, ал шешерде сол аяқтан бастаңыз.
قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: "إِذَا انْتَعَلَ أَحَدُكُمْ فَلْيَبْدَأْ بِالْيَمِينِ، وَإِذَا انْتَزَعَ فَلْيَبْدَأْ بِالشِّمَالِ، وَلْتَكُنِ الْيُمْنَى، أُولَهُمَا تُلْبَسُ، وَآخِرَهُمَا تُنْزَع" (رواه مسلم وغيره).
Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім аяқкиімін кимек болса, оң аяқтан бастасын. Ал шешкенде сол аяғынан бастасын. Аяқкиім оң аяққа бірінші киіліп, шешілер кезде соңғы болсын», – деген» (Муслим)[1].
Үйіңізге немесе бауырыңыздың үйіне кірмес бұрын аяқкиіміңізге қараңыз, егер аяқкиімге лас нәрсе жұққан болса, оны жерге ысқылап кетіріңіз. Өйткені ислам – тазалық пен әдептілік діні.
[1] «Сахих Муслим», (2097). «Сахих әл-Бұхари», (5856).
Кітаптың авторы: Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда әл-Ханафи
Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.