#12 Ата-ананы құрметтеу әдебі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

#12 Ата-ананы құрметтеу әдебі

| A | +

Ата-ананы құрметтеу әдебі

Ата-анаңыздың жанында болғанда, әдебіңізге қатты көңіл бөліңіз. Себебі олар құрмет көруге ең лайықты тұлғалар. Сөзімізге дәлел ретінде мына хадисті келтіруімізге болады:

جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ : يَا رَسُولَ اللهِ ، مَنْ أَحَقُّ النَّاسِ بِحُسْنِ الصُّحْبَةِ مِنِّي؟ قَالَ : أُمُّكَ ، ثُمَّ أُمُّكَ ، ثُمَّ أُمُّكَ ، ثُمَّ أَبُوكَ ، ثُمَّ أَدْنَاكَ أَدْنَاكَ" (رواه مسلم و البخاري).

Бірде бір кісі Алла елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) алдына келіп: «Уа, Алланың елшісі, адамдардың ішінде жақсы қарым-қатынас жасауыма ең лайықтысы кім? » – деп сұрады. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Анаң, сосын анаң, сосын анаң. Одан кейін әкең, кейін жақын туыстарың», – деп жауап берген» (әл-Бұхари, Муслим)[1].

حَدَّثَ هِشَامُ بْنِ عُرْوَةٍ عَنْ أَبِيهِ أَنَّ أَباَ هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ رَأَى رَجُلاً يَمْشِي بَيْنَ يَدَي رَجُلٍ، فَقَالَ: "ماَ هَذَا مِنْكَ؟ قَالَ: أَبِي. قَالَ: فَلَا تَمْشِ بَيْنَ يَدَيْهِ، وَلَا تَجْلِسْ حَتَّى يَجْلِسَ، وَ لَا تَدْعُهُ بِاسْمِهِ" (رواه البخاري  و عبد الرزاق).

Һишам ибн Уруа әкесінен жеткізген хадисте былай дейді: «Бірде Әбу Һурайра (р.а.) бір адамның екінші бір кісінің алдына шығып кетіп бара жатқанын көріп: «Бұл кісі саған кім болады?» – деп сұрады. Әлгі адам: «Менің әкем», – деді. Әбу Һурайра (р.а.): «Әкеңнің алдында жүруші болма. Ол кісі отырмайынша, сен отырма. Әрі оны есімімен атап шақырма», – деді» (әл-Бұхари, Абдур-Раззақ)[2].

Ибн Уаһб былай деп айтқан: «Имам Мәликтің шәкірті Абдур-Рахман ибн Қасым әл-Утқи әл-Мысри (132-191 һ.ж.)  «әл-Муатта» кітабынан сабақ беріп жатқан кезде кенет орнынан атып тұрды. Ол сол қалпында ұзақ тұрды, сосын отырды. Біреу оның бұлай істеуінің мәнісін сұрағанда имам Абдур-Рахман: «Анам бір қажетін сұрап жоғарғы қабаттан түскен еді. Ол бір орында тұрғандықтан, мен де тұрдым. Анам жоғары шығып кеткен соң отырдым», – деп жауап берген[3].

Ұлы табиғин Таус ибн Кайсан: «Төрт кісіге құрмет көрсету – сүннет, олар: ғалым, ақсақал, сұлтан және әке. Анығында, нағыз дөрекілік – қайсыбір адамның өз әкесін есімін атап шақыруы», – деген[4].

 Хафиз имам Ибн Абдил-Бар «Әл-Кафи»[5] кітабының «Қорытынды» бөлімінде былай деген: «Ата-анаға жақсылық жасау – парыз, лазым. Бұл іс Алла Тағала жеңілдік берген кісіге ғана оңай соғады. Ата-анаға жақсылық жасау деген сөздің мән-мағынасы – оларға мейірімді болу, жұмсақ сөйлеу, оларға махаббатпен және үлкен құрметпен қарау, сөйлескенде дауыс көтермеу, тек сөзін анық естірткісі келсе ғана дауысты сәл көтеріңкіреп сөйлеу. Адамның тапқан табыс-пайдасын ата-анасымен бөлісіп, өзі жеген асты, ішкен сусынды оларға да беруі.      

Әкесімен бірге жүрген кісі ешуақытта оның алдына түспесін. Әке отырғанда одан озып сөйлемесін. Өйткені әке қашанда сөзді бірінші бастауға лайықты. Ата-анасын ашуландырудан барынша сақтанып, қолынан келгенше оларды қуантуға, шаттыққа бөлеуге талпынсын.

 Ата-ананы қуанту жақсылық жасаудың ең абзал түрі болып табылады. Ата-ана немесе екеуінің бірі шақырғанда, адам жауап беруге асығуы керек. Адам нәпіл намаз оқып жатқан кезде ата-анасы шақырса, намазын қысқартып оқып, оларға тез жауап берсін. Әрі екеуіне тек көңіл көншітер жақсы сөз сөйлесін.

Ата-ана да өз кезегінде балаларын мейіріммен, қамқорлықпен өсіріп, санасына ата-анаға жақсылық жасау ұғымын сіңіруі керек. Пенде құлшылықты және өзіне жүктелген парыздарды тек Алла Тағаланың жәрдемімен ғана орындай алады».

 


[1] «Сахих Муслим», «Жақсылық жасау мен туысқандық қатынас және әдеп» бөлімі, «Ата-анаға жақсылық жасау» тарауы (2548). «Сахих әл-Бұхари», «Әдеп» бөлімі, «Жақсы қарым-қатынасқа ең лайықты адам» тарауы (5971).

[2] Әл-Бұхари, «әл-Әдаб әл-муфрад», «Адам әкесінің есімін атап шақыруына және әкесінен бұрын отыруына, оның алдында жүруіне болмайтындығы» туралы тарау, 17-бет (44). Абдур-Раззақ, «әл-Мусаннаф», «Сый-құрметке лайықты адам» тарауы, 10 том, 162-бет (20303). Хадистің мәтіні имам Абдур-Раззаққа тиесілі.

[3] Әл-Қазы Ғияд, «Тартиб әл-мадарик уа тақриб әл-масалик ли мағрифати ағлам мазһаб Мәлик», ІІІ том, 258-бет.

[4] Ахмад әр-Рази, «Тарих мадинати Санға», 333-бет.

[5] Әбу Омар Юсуф ибн Абдулла ибн Мұхаммед ибн Абдил-Бар ән-Намри әл-Қуртуби, «әл-Кафи фи фиқһ аһли әл-Мадинати әл-малики», «Қорытынды» бөлімі, 612-бет. Бейрут – 1992ж. «Дар әл-кутуб әл-ғилмия» баспа үйі, екінші басылым. 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
«Ихсан» кітабы – насихат жұмысына қажетті құнды құрал Руслан ҚАМБАР: Жақсы әкенің шарапаты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам әдебі #11 Үлкенді сыйлау әдебі
​​​​​​​Өзіңізден жасы үлкен кісілерді құрметтеңіз әрі оларды қадірлей біліңіз. Олармен бірге болғанда, оң жақтарында және бір-екі қадам артта жүріңіз. Үйге кірерде не шығарда оларға жол беріңіз. Кездескенде сәлем беріп, ілтипат көрсетіңіз. Сөзді бірінші үлкенге беріңіз, оны құрметпен тыңдап, сыйлаңы...
Ислам әдебі #10 Мәжіліс әдебі
​​​​​​​Қандай да бір мәжіліске келсеңіз, адамдардың барлығына бірдей сәлем беріңіз. Қол алысып амандасқыңыз келсе, ең бірінші ең сыйлы, ең білімді, ең тақуа, жасы ең үлкен немесе шариғат бойынша құрметті деп танылған адамнан бастаңыз. Сәлемді мәжілісте көзіңіз шалған бірінші адамнан бастай салмаңыз....
Ислам әдебі #9 Қонақтың әдебі
Қонаққа барғанда үй иесімен орын жайында тартыспаңыз, қай жерді ұсынса, сонда отырыңыз. Тіпті үй қожайыны көрсеткен жерге отыруға тиіссіз. Өйткені өзіңіз қалаған орынға отырсаңыз, бәлкім, көзіңіз үйдегі тыйым салынған жерге түсіп қалуы мүмкін. Не бұл отырысыңызбен үй иесін ыңғайсыз жағдайға қалдырар...
Ислам әдебі #8 Сыпайы болу әдебі
Біреудің үйіне немесе өз үйіңізге кіріп  шықсаңыз, сыпайылық сақтаңыз. Көзіңізді төмен салып, дауысыңызды бәсеңдетіңіз, аяқкиіміңізді шешіп, реттеп кіріңіз, қалай болса солай тастамаңыз. Кигенде де әдепке сай, оң жақтан бастап киіңіз, ал шешерде сол аяқтан бастаңыз....
Ислам әдебі #7 Қонақтық әдебі
Ұлы табиғин Қатада ибн Диғама әс-Садуси: «Қонақ қыла алмайтындығын айтқан адамның есігінің алдында тұрып алмаңыз. Бәлкім, сіздің ол адамда қажеттілігіңіз бар болар. Бірақ олар сіздің қажеттілігіңізден де маңызды іспен қолы тимеуі мүмкін. Ондай жағдайда үй иелері сізден кешірім сұрап, үзір айтуға ақы...
Ислам әдебі #6 Зиярат жасау әдебі
Сіз бауырыңыздың не досыңыздың, не танысыңыздың не біреудің есігін қақсаңыз, ақырын қағыңыз. Үй иесі біреудің келгенін білсе жеткілікті. Жау келгендей не біреуді жазалауға келгендей есікті қатты соққыламаңыз. Олай істесеңіз, үй ішіндегі адамның үрейін алып, әдепсіздік танытқан боласыз.  ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:56

Бесінге дейін 01:18

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi