ИСЛАМНЫҢ БЕС НЕГІЗІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ИСЛАМНЫҢ БЕС НЕГІЗІ

| A | +

Әрбір заттың негізі, тіреуі болған секілді дініміз Исламның да негізгі тіректері бар. Адам баласының өмірі күллі әлемнің Жаратушысының разылығы мен махаббатына бөлену жолында ақиқатты іздеу көріністеріне толы. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрім арқылы, әр бір нәрсенің ақ пен қарасын, дұрыс пен бұрысын, адал мен арамды ажыратып адамзат үшін амалдарды айқындап берді. Дініміз Исламның негізін танытатын іргетасы ол - бес тірегі.

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деп баяндайды: «Мен Алланың Елшісінің (): «Ислам бес тіректен тұрады: Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, Мұхаммед () оның елшісі екендігі туралы куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан айында ораза ұстау», - деп айтқанын естідім»1.

Бұл бес парыз діннің негізгі тірегі.

Бес тіректің алғашқысы:

Алладан басқа ешбір (құлшылыққа лайықты) құдай жоқтығына және Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік беру.

Жалпы кітабымыз Құран Кәрімде, хадистерде де ең алдымен иман, одан кейін ғана ғибадат пен өзге де жақсы істер аталады. Пайғамбарымыз Мұхаммед () өз үмбетін алдымен бір Алла Тағалаға иман келтіруге шақырды. Пайғамбарымыз () Муаз ибн Жәбалды (р.а) Йеменге аттандырарда: «Әй, Муаз! Йемен жұртшылығын алдымен Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және менің Алланың елшісі екендігіме иман келтіруге шақыр. Егер осыған сенсе, күніне бес уақыт намаз оқу парыз екендігін айт. Одан кейін әл-ауқатты байлардан алынып, кедей-кепшіктерге берілетін зекет жайлы хабарла» деген.2. Құран Кәрімнің мына бір аяты аталмыш хадисті хадисті дәлелдей түседі:

وَلَقَدْ أُوحِيَ إِلَيْكَ وَإِلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكَ لَئِنْ أَشْرَكْتَ لَيَحْبَطَنَّ عَمَلُكَ وَلَتَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ

«Расында саған да сенен бұрынғыларға да: «Егер Аллаға ортақ қоссаң әлбетте амалың жойылып кетеді де, анық зиянға ұшыраушылардан боласың» деп уахи етілді»3. Яғни, иман келтірмей оқыған намаз, берген зекет қабыл болмайтындығын түсіндіруде.

Абай атамыз: «Иманды сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек», «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз»дейді.  Иманға тек пайдакүнемдік мақсатпен немесе елге жақсы көріну ниетімен келуді құптамайды. Ол адам өмірінің мәні сеніммен тікелей байланысты екенін алға тартады. Адамның барлық қайғы мен тауқымет, азаптарын сол иман мен оның жалғандығымен түсіндіреді. Жолдары да имансыз амалың құр әуре екендігін айтады. Жүрегіңнің түкпірінде шынайы сенім болмаса, басқасына бас ұру бос нәрсе.

 

 2. Исламның екінші тірегі – Намаз.

Құран Кәрімде:

قُلْ مَا يَعْبَأُ بِكُمْ رَبِّي لَوْلَا دُعَاؤُكُمْ ۖ فَقَدْ كَذَّبْتُمْ فَسَوْفَ يَكُونُ لِزَامًا

«(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым, сендерді қалай бағаласын? Рас сендер жасынға айналдырдыңдар. Сондықтан азапқа душар боласыңдар» де»4, - делінген. Міне, Алла Тағала осы аяттарда айтылғандай, басқа да аяттарында адам баласының мәңгілік азаптан құтылып, бақытқа қол жеткізу үшін иманнан кейін салиқалы амал жасау керектігін айтқан.

Ал, намаз болса сол ғибаттардың алғашықысы, діннің діңгегі, мүміндердің миғражы, Пайғамбарымыздың () көзінің нұры болған құлшылықтың бірі. Құран Кәрімде:

فَإِذَا قَضَيْتُمُ الصَّلَاةَ فَاذْكُرُوا اللَّهَ قِيَامًا وَقُعُودًا وَعَلَىٰ جُنُوبِكُمْ ۚ فَإِذَا اطْمَأْنَنتُمْ فَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ ۚ إِنَّ الصَّلَاةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَّوْقُوتًا

«Қашан намаз өтеп болсаңдар, Алланы; тұрып, отырып және жатқан бойда еске алыңдар. Қашан тынышталсаңдар, онда намазды толық орындаңдар. Өйткені, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды»5, – дей келе Құдай Тағала балиғат жасына толған, ақыл есі бүтін құлдарына намазды парыз етті. Күнде бес уақыт намаз оқу арқылы кемелдікке жетесің. Намаз Алла Тағала мен құлының арасындағы тілдестіретін және оған жақындататын  амал.

«Бес уақытта бес намаз, біреуі қаза бомасқа», - деп Бұқар жырау жырлағандай, намазымызға ықтиат болайық. Барлық нығметтермен бөленіп қойса да, жамандық атаулыдан ада болса да, күні-түні құлшылықтан бас алмаған Пайғамбарымыз Мұхаммед  () Раббысына деген махаббаты шексіз еді.

Қанат Дауылбаев ағамыз «намаз» өлеңінде:

 «Жаратқанның бізге парыз әз заңы,

 Өтемесек, санамыздың азғаны.

Иман құйып жүрегіңе ниетпен,

Намаз оқу – құлшылықтың абзалы   -                                                                    

деп намаздың қадір-қасиетін жырға қосқан. Олай болса исламның негізгі тірегінің бірі – намазды оқып, Алла Тағаланың ризашылығына бөленуге асыққанымыз абзал!

 

 3. Исламның үшінші тірегінің бірі - Зекет беру.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «(Мұхаммед Ғ.С.) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің. Оларға дұға қыл. Өйткені сенің дұғаң олар үшін бір тоқтау. Алла толық естуші, аса білуші» 6.

«Зекет» – «берекет, тазалық, өсу, көбею, арту» деген мағыналарды білдіреді. Шариғат термині бойынша белгілі деңгейдегі мал-мүліктің тиісінше бір бөлігін Алла Тағала белгілеген кейбір мұсылмандарға мүлік етіп беру.

Бір хадисте «Малыңның зекетін бергенде кедейдің өзіңнің малыңдағы ақысын төлеген боласың» – делінген. Яғни, нисаб мөлшерінен артық мал-мүлікке ие болғандардың кедейлерге малдарының бір бөілігін беріп, қалған малдарын адал етуі «зекет» болып табылады.

Құдай жолы, ниет қылсаң мал құрбан,
Татса сауап ғаріп, міскін, жарлың дәм.
Көмекші боп берген зекет садақаң,
Қияметте шығады екен алдыңнан.

Бастан бақтың таюы да бір демде,
Бардың құнын біл саламат жүргенде.
Зекет беру бекітілген парыз боп,
Дін Исламның ережесін білгенге.

                        (Қанат Дауылбаев)

 

 4. Исламның төртінші тірегінің бірі – Қажылық.

Құран Кәрім аяттарында:

بِالْحَجِّ يَأْتُوكَ رِجَالًا وَعَلَىٰ كُلِّ ضَامِرٍ يَأْتِينَ مِن كُلِّ فَجٍّ عَمِيقٍ

«Адамдарды хажға шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді»7 – дейді.

Қажылықты тәуап етуде адамзат үшін дүниеде де, ахиретте де хикметтері жетерлік. Мекке – Мәдина әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандардың басын қосатын құтты мекен. Алла елшісі (): «Қажылыққа бара алатын кісі асықсын!»8. деген болатын. Қазақ жүз рет естігенше, бір рет көр деген емес пе?! Исламның тарихына тұнып тұрған, Жаратылыс Нұрының туып өскен жерін бір көру, Алланың қасиетті еткен Қағбаны айналу,  Ажар анамыз сағи жасаған Сафа мен Мәруа арасында жүгіру, Пайғамбарымыз () туған жерін, оның басқан ізін, сахабалардың сүйіспеншілігін өз көзіңмен көруден асқан нығмет жоқ шығар.

Пайғамбарымыз (): «Қабыл болған қажылық үшін жәннаттан басқа сый болмайды», - дейді. Қажылық ол – Алланың шексіз мейірімі көрініс тапқан ғибадаты.

 

Қажы - ораза, намаздан қиын жұмыс,
Онда көп шарт етілген әр түрлі іс.
Қажы барсаң, Ибраһимдей мал-жаннан кеш.
Бір құдайдан басқаны ойға алма еш!

                                         (Мәшһүр Жүсіп)

 

 

 

 5. Исламның бесінші тірегінің бірі - Рамазан айында ораза тұту.

Құран Кәрімде Алла Тағала:

شَهْرُ رَمَضَانَ الَّذِي أُنزِلَ فِيهِ الْقُرْآنُ هُدًى لِّلنَّاسِ وَبَيِّنَاتٍ مِّنَ الْهُدَىٰ وَالْفُرْقَانِ ۚ فَمَن شَهِدَ مِنكُمُ الشَّهْرَ فَلْيَصُمْهُ ۖ وَمَن كَانَ مَرِيضًا أَوْ عَلَىٰ سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِّنْ أَيَّامٍ أُخَرَ ۗ يُرِيدُ اللَّهُ بِكُمُ الْيُسْرَ وَلَا يُرِيدُ بِكُمُ الْعُسْرَ وَلِتُكْمِلُوا الْعِدَّةَ وَلِتُكَبِّرُوا اللَّهَ عَلَىٰ مَا هَدَاكُمْ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ

«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла (Т.) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар»10, - деген Құран сөзі Рамазан айындағы оразаның қадыр-қасиетін айқын көрсетіп беріп отыр.

Рамазан айында ораза ұстау барша мұсылманға парыз. Өйткені Құран Кәрімде: «Ей, мүміндер! Ораза сендерге парыз етілді», - деген аят бар.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (): «Ораза – сабырдың жартысы»10 деп айтқан. Яғни, бұл айда ауызды ішіп-жеуден қалай тыйсаң, аузыңнан шығатын сөзге де абай болу керек. Өйткені өтірік, өсек, ғайбат сөйлеп жүрсең, оразаның сауабынан құр қаласың. Абай атамыз өлеңінде былай дейді

 

Руза, намаз, зекет, хаж –талассыз iс.

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрiн тегiс.

 

Осы айтып өткеніміздің тобықтай түйіні, амал жасамас бұрын пенде Жаратушы Жаппар Құдайына иман келтіру керектігін айтып өттік. Содан кейін барып амалдарға көшеміз.

 

Ернар Мәжен

Таугүл-3 мешітінің бас имамы

 

[1] Бухари 8, Муслим 16.
[2] Бухари, зекет, 1.
[3]Зүбәр сүресі, 65 аят.
[4] Фұрқан сүресі, 77 аят.
[5] Ниса сүресі, 4/103.
[6]Тәубе сүресі, 103 аят.
[7] Хаж сүресі, 27 аят.
[8] Жемұл-Фәуәид, ІІ, 77.
[9] Әл-Бұхари, Муслим.
[10] Термези, Дәуауәт, 86.

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
БАТАМЕН ЕР КӨГЕРЕДІ ДӘЛЕЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мәнһәж ӨМІРЛІК ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН 5 АЯТ
Уақыт – адамның ең құнды капиталы. Имам Ғазали уақытты қалай басқаруға болатыны жайлы былай кеңес береді: «Адам өз уақытын жоспарлауы тиіс. Ең маңызды істер мен міндеттерді анықтап, оларды бірінші кезекте орындау қажет. Егер адам жалқаулықтың, немқұрайлылықтың және мақсатсыздықтың тұтқынына түссе, о...
Мәнһәж ӨЗ ҚАЛПЫМЫЗДА ҚАЛСАҚ...
Әйгілі сахаба Әли (оған Алла разы болсын) былай деген екен: «Алла Тағала алдында адамның жақсысы бол, нәпсі үшін адамның жаманы бол, адамдар үшін адамның бірі бол». Сахабаның бұл сөзі өмір сүрудің үш негізін меңзеп кеткендей....
Мәнһәж АЛТЫН МЕН КҮМІСТІ ҚАЛАЙ САТУ ҚАЖЕТ?
Алтын мен күміс – ақшалық құны бар бағалы, табиғиметалл. Шариғатта алтын мен күміс өсім жүретін заттарға жататындықтан оларды сату кезінде теңбе-тең және қолма-қол жүзеге асыру керек....
Мәнһәж МҮЛІКТІ БАНК АРҚЫЛЫ САТУҒА БОЛА МА?
Қазіргі кезде кәсіпкерлер немесе жеке тұлғалар мүлік пен тауарларын банк арқылы сатуға көбірек жүгінуде. Мұндай сауда барысында келісілген соманы банк сатып алушының атынан сатушыға, яғни кәсіпкердің шотына аударады немесе клиент төлем карталары арқылы өзі төлейді. Банк келісілген соманы бөліп төлеу...
Мәнһәж Діни ағымдар әлеуметтік желілерді қалай пайдаланады?
Сұрақ: Радикалды діни ағымдардың әлеуметтік желілердегі қаупі туралы айтып берсеңіз.
Мәнһәж Жұмысты жандандырудың жеті бағыты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының елордада өткен кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін қызметкеріне бағдарламалық баяндамасын жолдады. ҚМДБ Төрағасы бағдарламалық баяндамасында мүфтият өз қызметі аясында 2021 жылы жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық б...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 01:54

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi